Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

Мекен-жайы

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Жаңалықтар / «Жаңарған Жамбылым» эстрадалық әншілер конкурсы

«Жаңарған Жамбылым» эстрадалық әншілер конкурсы

І Облыстық «Талас толқындары – 2019» музыкалық өнер фестивалі аясында өтетін ОБЛЫСТЫҚ «ЖАҢАРҒАН ЖАМБЫЛЫМ» ЭСТРАДАЛЫҚ ӘНШІЛЕР КОНКУРСЫ

2019 жылдың 12-сәуірінде Жамбыл облысы әкімінің қолдауымен, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы К. Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының ұйымдастыруымен «Жаңарған Жамбылым» атты облыстық эстрадалық әншілер конкурсы өтті.

Іс-шараның мақсаты: ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалаларының ілгерілету, Жамбыл облысы композиторларының туындыларын насихаттау, эстрадалық орындаушылық шеберлікті қалыптастыру, жастарға қолдау көрсету, достық қарым-қатынасты нығайту.

Комиссия мүшелері облыс елді-мекендерін аралап, конкурстың аудандық іріктеу кезеңін аудан әкімдіктерімен ұйымдастырды. Аудандық іріктеу кезеңі аудандардағы және Тараз қаласының мәдениет үйлерінде өтті. Аудандық іріктеу бойынша барлығы 175 үміткер өткен болатын, оның 32-сі облыстық кезеңге жолдама алған.

Облыстық конкурстың қазылар құрамы:

1.Әріпбай Мұханұлы Мұсапанов – К. Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының көркемдік жетекшісі, ҚР Мәдениет саласының үздігі;

2. Асхат Оңалбекұлы Тажаяқов – Жамбыл облысы әкімдігінң мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мәдениет және өнер» бөлімінің басшысы;

3. Оңал Бұқаралықызы Азаматова – Әнші, ҚР Мәдениет саласының үздігі;

4. Нәзима Әбдіқадырқызы Үсенова – Әнші, ҚР Мәдениет саласының үздігі.

Облыстық «Жаңарған Жамбылым» эстрадалық әншілер конкурсының нәтижесі бойынша:

ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ ШЕШІМІ:

Бас жүлде иегері: Жасұзақ Дулат – Байзақ ауданы (300 000 теңге)

І орын иегерлері: Әуелбеков Сұлтан – Меркі ауданы (200 000 теңге)

Бауыржан Бегалы – Тараз қаласы(200 000 теңге)

ІІ орын иегерлері: Берік Жорабек – Тараз қаласы (150 000 теңге)

Жанболат Таласбай – Жамбыл ауданы (150 00 теңге)

ІІІ орын иегерлері: Қарлығаш Ерболқызы – Т.Рысқұлов ауданы (100 000 теңге)

Асыл Жомартов – Меркі ауданы (100 000 теңге)

Дипломанттар 50 000 теңге жүлдемен марапатталды:

Айлин Қайтбек – Көрермен көзайымы

Мөлдір Төлеубекова- Ең жас әнші

Жанай Айдай – Жас талант

Рысбек Қадырқұлов – Жарқын дауыс

Дархан Дәуітбеков – Жаңа есім

Және де 21 өнерпаз Алғыс хат иегерлері атанып, 20 000 теңге қаржысымен марапатталды.

Жеңімпаздар 13-қыркүйекте Тараз қаласында өтетін І Облыстық «Талас толқындары»музыкалық өнер фестиваліне жолдама алды.

К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы

‘342861, 87766686006