Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы" КМҚК

Мекенжай

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «Жамбыл-дүлдүл, Кенен-бұлбұл»

«Жамбыл-дүлдүл, Кенен-бұлбұл»

Қазыналы кеудесі шежіреге толы, жыраулық сарынды сақтап, халық жырының туын желбіреткен, езілген елдің еңсесін алтын домбырасымен асқақтатқан, асыл аманатты ұрпаққа ұластырған, ұлы сарынның сарқыты атанған Жамбыл жыраудың туғанына биыл 175 жыл. Осы орайда бүгін "Баласағұн" ОКЗ-да "Жамбыл-дүлдүл, Кенен- бұлбұл" атты Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының концерті өтті.

К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының концерттік бағдарламасы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен ұсынылды.

Концертте «Тараз» триосы, Ерлан Ибәділдаев, Айгүл Есекеева, Оңал Азаматова, Жақсылық Тілеубеков, Жанатбек Кәдіров, Разия Мәдіханова, Бақыт Шағырбаев, Айгүл Мақашева, Әділет Әбдікерімов, Бахром Муминов, Диас Әбілеков және «Кәусар» вокалдық ансамблі өнер көрсетті. «Жамбыл туралы сарын», «Жамбыл мен Айкүмістің айтысы», «Ойжайлау», «Жақсы мен жаманның айырмасы», «Өз елім», «Угай-ай», «Сағындым Кенен атамды», «Бастау», «Менің пірім Сүйінбай», «Жамбыл жастарының вальсі» тақырыптарында ән-термелер, Е.Үсенов «Кенен әндерінен попурри», «Отарба», «Ұлы дала сарыны», «Құлақ күйі», «Тұран елі», «Махамбет поэмасы» тақырыптарында күйлер мен шығармалар орындалады.