Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы" КМҚК

Мекенжай

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Отан қорғаушылар күніне арналған концерт

Отан қорғаушылар күніне арналған концерт

Онлайн үлгіде қала тұрғындары мен қонақтарының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, облыстық филармонияның шығармашылығын насихаттау мақсатында бүгін «Мақтанышым-Отаным» атты концерт әлеуметтік желі арқылы көрермендерге ұсынылды. Концерт барысында Отан, ел, жер, патриоттық тақырыбында әндер шырқалып, биден шашу шашылды.

Кеш соңында белгілі композитор, әншi, музыкант, Қазақ КСРнің Халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері Ескендір Хасанғалиевтің рухына арналған «Атамекен» әнін бірге шырқайық!» онлайн түрде өтетін акцияға қолдау көрсету мақсатында филармония әртістері автордың әнін шырқады.

Өмірін өнерге арнаған Ескендір ағаның «Атамекен», «Әдемі-ау», «Асыл арман», «Өмірімнің жазы», «Ескірмеген махаббат» әндерін білмейтін қазақ жоқ шығар. Орындaу мәнерiмен ерекшеленіп, қазақ өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған Есағаның алар орны біздер үшін әрдайым ерекше болмақ.