Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы" КМҚК

Мекенжай

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «Жеңіс үшін рахмет»

«Жеңіс үшін рахмет»

Ұлы Отан соғысы тарих қойнауында қалды. Бірақта сол 1941-1945 жылдар арасындағы ұрыстың қасіреті әлі күнге дейін елдің есінде. Отты жылдары майдан даласында миллиондаған адам қаза тапты, жараланып, тағдырдың тәлкегін кешкендердің саны қаншама. Дегенмен көзсіз ерлік танытқан батырлар жеңіске жетті. Міне, сол күннің орын алғанына бүгін 76 жыл толып отыр.

Осы орайда бүгін Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының ұйымдастыруымен «Жеңіс үшін рахмет» атты онлайн концерт әлеуметтік желінің тікелей эфирі арқылы көрермендерге ұсынылды. Концерт «Ақкербез» және «Айша Бибі» би ансамбльдері қыздарының орындауында «Катюша» әніне қойылған бимен ашылды. Сондай-ақ Ұлы Отан соғысы жылдарындағы майданда ерлікпен қаза тапқан батырларымыздың рухына арналған әндер орындалды.

«Ер есімі – ел есінде». Майданда қаза тапқан және елге аман-есен оралған батырларымызға мың алғыс айта отырып, ерліктеріне әрдайым бас иеміз.