Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы" КМҚК

Мекенжай

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «Сағыныш» атты шығармашылық кеш өтті

«Сағыныш» атты шығармашылық кеш өтті

2022 жылғы 11 наурызда «Баласағұн» ОКЗ-да К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының Қазақ оркестрінің әртісі, Халықаралық, Республикалық конкурстардың лауреаты, күйші, айтыскер ақын Дидар Басықараевтың өнерін насихатату, тәжірибе алмасу, қазақ күй өнерін жаңғырту. Талантты жастарды таныту мақсатында «Сағыныш» атты шығармашылық кеш өтті.

Сахна шымылдығы Д.Басықараевтың төл туындысы «Жұбаныш» күйінің ырғағымен ашылып, ұлттық өнер туралы шағын қойылыммен басталды. Концерт оркестрдің сүйемелдеуімен Айтқали Жайымовтың «Шалқыма» күйімен жалғасын тапты.

Бағдарламада кеш иесінің «Сағыныш», «Байзақ батыр», «Толғау», «Домбыра-Қобыз», «Қара теңіз жағасында», «Жайлау», «Асланбек ақжелең», «Жұбаныш», «Ғашығым», «Ақ бата», «Арнау айтыс» тб. туындылары орындалды.

Кеш қонақтары:

Кеште Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының қазақ оркестрі, оркестрдің көркемдік жетекшісі әрі дирижері, Халықаралық, Республикалық конкурстардың лауреаты Дулат Байзилдаев, Жанатбек Қадіров, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы Қазақ ұлт-аспаптар оркестрінің дирижері Медет Есбергенов, «Хассақ» этно фольклорлық ансамблі болды.

Кеш иесіне Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының, Байзақ ауданы әкімдігінің басшыларының Алғыс хаттары табысталды. Айтыскер ақын Есет Досалының Арнаулары жолданды.