Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы" КМҚК

Мекенжай

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Өрісі кең өнерлі отбасы - өмір мен өнер жолында

Өрісі кең өнерлі отбасы - өмір мен өнер жолында

К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы қыркүйек айының екінші жексенбісі – Отбасы күніне орай, аталған күннің маңыздылығын ескеріп, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының тапсырмасымен өнер ұжымында қызмет ететін өнерлі отбасылардың қатысуымен өткен «Отбасы LIFE» атты мерекелік онлайн концерті 13 қыркүйекте «Баласағұн» ОКЗ-да фейсбук әлеуметтік желісі арқылы көрермендерге ұсынылды.

Мақсаты: Отбасының оң имиджін қалыптастыру және отбасылық құндылықтарды нығайту, өнерлі отбасыларға қолдау таныту, филармонияның Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде жариялау.

Концерт аясында облыстық филармония директоры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Тараз қаласының құрметті азаматы С.Ш.Түктібаевтың мерекелік құттықтауы оқылды.

Экраннан филармония әншілерінің «Ана», «Отбасы» туралы бейнебаяндары көрсетілді. Онлайн концертке филармонияда бірге жұмыс істейтін ерлі-зайыптылар мен өнерлі отбасылар қатысты.

Олардың қатарында: ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Бақыт Шағырбаев - Айгүл Шағырбаева, Жұман Сүлеймен - Назым Ахметова, Айзат Өтепбаева - Әсел Жақсылық, Ғалымжан Аликулов - Маржан Ербекеева, Жанна – Жанар Өстеміровалар, Алмас Қырғызалиев - Разия Нұржанова, Әскербек Досанов – Жанна Асанқұлова, Гүлшат Тинасилова - Медина Мұхатқызы, Наурызхан Абдрахманов – Айман Шерметова.

Іс-шараға облыстық филармонияның facebook әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирмен көрсетілді. Сондай-ақ, өнер ұжымының zhofil.kz ресми ақпараттық сайты мен instagram парақшасында ақпараттық фотолары насихатталды.