Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы" КМҚК

Мекенжай

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Ақын Серік Томановты еске алу кеші өтті

Ақын Серік Томановты еске алу кеші өтті

Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастырумен облыс әдебиетіндегі ең үздік туындыларды оқу және насихаттау, өңіріміздің әдеби мұрасын зерттеуге деген қызығушылықты дамыту, жасөспірімдердің зияткерлік-рухани дамуына ықпал жасау мақсатында «Ел болып оқимыз» облыстық жобасы жүзеге асырылуда.

Жоба 2024 жылдың алғашқы маусымын ақын Серік Томановтың шығармашылығын насихаттауға арнады. Осы орайда кітапхана шын жазуды, шындықты жазуды серт еткен, тілі түймелі, сөзі күймелі тағдырмен тайталасқан жырлардың авторы Серік Томановтың «Ақ жалынды, ардақты ақын» атты  еске алу кешін ұйымдастырды.

Еске алу кешіне ақынның жұбайы Бибігүл Оразбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Тараз қаласы мен Талас ауданының Құрметті азаматы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, дарынды жазушы, қаламы қарымды журналист, Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының «Жамбылтану» бөлімінің меңгерушісі Көсемәлі Сәттібайұлы, Жамбыл облыстық адвокаттар алқасы Тараз қаласы №1 заң кеңсесінің адвокаты Абдулла Бақбергенұлы, Серік Томанов атындағы сыйлықтың иегері Азамат Есалы, Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филормония әншісі Жақсылық Тілеубеков, ақын, облыстық және республикалық ақындар айтысының бірнеше дүркүн жүлдегері, облыстық «Aq jol» газетінің аға тілшісі Есет Досалы, облыстық «Aq jol» газетінің аға тілшісі, Жазушылар одағының мүшесі Нұржан Қадірәлі қатысып, ақын туралы естеліктерімен бөлісті.

Еске алу кеші өнерімен өрге жүзген ақынның «Аққу», «Қызыл көйлек киген қыз» т.б әсем әндерін шырқап, ақындардың жауһар жырларын оқумен жалғасты.