Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы" КМҚК

Мекенжай

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / “Айша Бибі” би ансамбліне “Қыз - ғұмыр” биі қойылды

“Айша Бибі” би ансамбліне “Қыз - ғұмыр” биі қойылды

27-28 қаңтар аралығында К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының шақыртуымен “Айша бибі” фольклорлық-этнографиялық би ансамбліне Қазақ ұлттық хореография академиясының аға оқытушысы, «Роза Бағланова атындағы қазақ концерті» Мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «Гүлдер» ансамблінің бас балетмейстері, өнертану кандидаты, Тұңғыш Президент қорының лауреаты Қазақстан Республикасы, «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» республикалық жобасының лауреаты, Еуразиялық мәдениет қорының «Ерен еңбегі үшін», «Мәдениет қайраткері» мемлекеттік медальдарының иегері, «Азаттық балет» сыйлығының иегері ұлттық биді дамыту және насихаттау, «Хореограф» аталымы бойынша республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты Садықова Анвара Әріпқызы жаңа би қойды.

Өнер ұжымының Көркемдік кеңес мүшелері жаңа қойылған “Қыз - ғұмыр” биін қабылдап алды.

Филармония директоры Сейітқасым Шерімұлы Анвара Әріпқызына Алғыс хатын тапсырып, сәттілік тіледі.