Филармония өнерпаздары студент жастарға мерекелік концерт тарту етті
Баласағұн” орталық концерт залында К. Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының ұйымдастыруымен 17 қараша – Халықаралық студенттер күніне арналған «08 STAR» атты мерекелік шоу-концерт өтті.
Жастарға арналған мерекелік кешті Тараз қаласындағы жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері тамашалады.
Мерекелік кеш заманауи хореографиялық композициямен ашылды. Шоу-концерт барысында филармонияның шығармашылық ұжымдары мен жеке орындаушылары өнер көрсетіп, көрермендерге түрлі жанрдағы музыкалық және би қойылымдарын ұсынды.
Атап айтқанда, «Кәусар» вокалдық ансамблі, «Ақкербез» би ансамблі, «Тараз» циркінің әртістері мен филармонияның жеке орындаушылары заманауи эстрадалық және шетелдік танымал әндерді орындап, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Концерттік бағдарлама студенттік өмірдің қызықты сәттерін, достық пен махаббатты, жастық шақтың жалынды кезеңдерін және болашаққа деген асқақ армандарды қамтыды.
Кеш барысында жүргізушілер көрермендермен интерактивті ойындар ұйымдастырып, студенттердің белсенді қатысуына мүмкіндік жасады. Бұл мерекелік кештің мазмұнын жандандырып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.









13 Қараша 2026
21
29 Сәуір 2019