«Тараз» циркі
К.ӘЗІРБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫНЫҢ «ТАРАЗ» ЦИРКІ
«Тараз» цирк тобы - К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармония құрамындағы кәсіби шығармашылық ұжым. Цирк тобы алғашында «Алатау» ән-би жастар ансамблінің құрамында өнер көрсетіп, 2012 жылдың қаңтар айында дербес «Тараз» атауын алып, филармония қарамағына өтті.
Топтың көркемдік жетекшісі – халықаралық конкурстардың лауреаты Айдын Альчикенов.
«Тараз» цирк тобы – Қазақстанда тұңғыш рет «Дала еркелері», «Арқанмен секіру ойыны», «Ақтолқын» (үйретілген көгершіндер), «Икариика ойыны», «Буынсыз дене» секілді күрделі жанрлардағы нөмірлерді сахнаға шығарған шығармашылық ұжым.
Жетістіктері:
2004 ж. – «Шабыт» Халықаралық фестивалінде «Ақтолқын» ІІ орын, «Буынсыз дене» ІІІ орын; жетекшісі – «Үздік жаттықтырушы» дипломымен марапатталды;
2006 ж. – «Буынсыз дене» – Б.Жұмағұлов атындағы арнайы жүлде; «Жонглер» тобы – ІІ орын; «Ақтолқын» – І орын;
2008 ж. – «Буынсыз дене» – І орын («Шабыт»); Қытайдағы халықаралық фестиваль – ІІІ орын (қола медаль);
2010 ж. – Армения, халықаралық фестиваль – «Буынсыз дене» І орын (алтын медаль);
2012 ж. – «Дельфийлік ойындар» – қола медаль; «Жұлдызды сәт» телебайқауының жеңімпазы; «Аймақтар аламаны» жобасының лауреаты;
2015 ж. – Ақтөбе, «Әлия гүлі» VI Халықаралық фестивалі – «Үздік ұжым» номинациясының иегері;
2017 ж. – Астана, «Шабыт» ХХ фестивалі – Т.Альчикенов пен Н.Байтөлеев арнайы диплом және «Жұмағұл Балтабаев» атындағы номинация иегері;
2019 ж. – Талап Таубеков Стамбулда өткен «Сиқыршылар» фестивалінде үздік атанып, Катар (Доха) қаласында 118 мемлекеттің қатысуымен өткен «MAGIC FESTIVAL - 2018» байқауында ІІ орын иеленді;
2025 ж. - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Астана қаласында өткен ІІ Халықаралық «Сайқымазақтар» фестивалінде ерекше өнер көрсетіп, дипломдармен марапатталды.
Өнер ұжымы телевизиялық бағдарламалар мен танымдық, мәдени көпшілік іс-шараларда өнер көрсетті.
Гастрольдік қызметі: Ұжым Астана, Алматы, Атырау, Шымкент, Түркістан, Ақтөбе, Орал, Қарағанды, Балқаш, Көкшетау және Жамбыл облысының елді-мекендерінде «Таңғажайып әлем», «Қиял әлемі», «Көңілді керуен», «Тараздан таңғажайып тарту!», «Шаттаныңдар, балақайлар!» атты шоу-бағдарламаларымен өнер көрсетіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп келеді.
26 Сәуір 2019