Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының "Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы" КМҚК

Мекенжай

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Ұжым / Өнер ұжымдары

«Алатау» фольклорлық ансамблі

К.ӘЗІРБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫНЫҢ

«АЛАТАУ» ФОЛЬКЛОРЛЫҚ АНСАМБЛІНІҢ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕҢБЕК ЖОЛЫ

Өңіріміздің ұлтттық өнерінің жанашыры ретінде ел ішіндегі өнерпаздардың өсуіне қолдау танытып, халқымыздың бай қазынасы – дәстүрлі өнерді насихаттау мақсатында 2012 жылдың сәуір айынан бастап Жамбыл облыстық филармониясынан «Алатау» фольклорлық ансамблі қайта құрылды. Бұл ансамбль 1970 жылы құрылған «Алатау» жастар ән-би ансамблінің ізін жалғастыра отырып, «Алатау» есімін қайта иеленді.

Ансамбльдің жетекшісі Халықаралық, Республикалық конкурстардың лауреаты Дастан Көреген.

Ансамбль саз сырнай, сыбызғы, жетіген, қыл қобыз, домбыра, шертер т.б. қазақтың көне аспаптарымен халықтың күйлері мен әндерін жоғары деңгейде насихаттап, көрермен ықыласына бөленіп жүр.

2012 жылы Қырғыз Республикасының Талас қаласына өнер сапарымен барып, қазақ халқының ұлттық музыкасын насихаттап қайтты.

Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасы арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайту мақсатында 2013 жылдың 8-18 маусымы аралығында Варшава қаласында өткен Жамбыл облысының «Менің Жібек жолым саған» атты мәдени күндріне қатысты.

2013 жылы Елордамыз-Астана қаласының 15 жылдық мерейтойына орай І-ші Халықаралық «Қаратау сарыны» атты дәстүрлі музыка фестивалінде, 2014 жылы ІІ-ші Халықаралық «Қаратау сарыны – 2014» атты дәстүрлі музыка фестивалінде өнер көрсетіп, Алғыс хатпен марапатталды.

2013 жылы Түркияның Самсун қаласында TÜRKSOY және Самсун әкімшілігінің ұйымдастыруымен өткен Халықаралық өнер фестиваліне қатысып, марапатталды.

2014 жылы,  2015 жылы Алматы қаласы «Хабар» агенттігінің жанынан ашылған «Білім және Мәдениет» телеарнасында дәстүрлі өнердің даралығын танытар «Ғасырлар пернесі» бағдарламасында концерттік бағдарламаларын ұсынды.

2016 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Алатау» фольклорлық ансамблінің орындауындағы «Қазақ елі» атты күйлер мен әндерінің CD жинағы жарық көрді.

2017 жылы 28 шілдеде «ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне» орай Жамбыл облысының күндері шеңберінде «Қазанат» қалалық ипподром аумағындағы Этно ауылда «Алатау сазы» атты концерт берді.

2017 жылдың 3-7 қараша аралығында Астана қаласында өткен ХХ «Шабыт» Халықаралық шығармашыл жастар фестиваліне қатысып, дипломант атанды.

Облыстық білім басқармасының ықпалымен 170 беттен тұратын «Алматы кітап» баспасынан басылып шыққан туған өлкенің қалыптасуы мен дамуын жан-жақты сипаттайтын тарихи, географиялық, мәдени, табиғи және басқа да мазмұндамасы туралы жас ұрпақтың танымдық білімдерін тереңдетіп, елдік құндылықтарды қастерлеп, құрметтеуге бағытталған Жалпы орта білім беретін мектептің «Өлкетану» оқулығына ансамбльдің  еңбек жолы енгізілді (2018).

Ансамбль «Бабалар сазы», «Бабадан қалған күмбір күй», «Тараз – ғасырлар куәсі», «Әулиата сазы», «Тараздан тарту» т.б. халық музыкасының кештерін, концерттік бағдарламаларын республика, қала, облыс аудан орталықтарында ұйымдастырды. Шығармалары «Қазақ елі» атты күйлер мен әндерінің CD жинағында жарық көрді (2018). Алматы қаласының Орталық концерт залында «Елден сәлем» атты концертте өнер көрестті. Өнер сапарларымен Астана, Алматы, Талдықорған, Шымкент, Түркістан, Орал, Ақтөбе және т.б.қалаларда болды.

Ансамбль Астана қаласында өткен ХХ «Шабыт» Халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің дипломанты (2018), «Көне Тараз» күмбірі» атты Республикалық этно-фольклорлық ансамбльдер конкурсының «Кенен Әзірбаев» номинациясының иегері (2019), Батыс Қазақстан облысының ұйымдастыруымен күйші-композитор Дәулеткерей Шығайұлының 200 жылдығы мен Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің құрылғанына 20 жыл толуына арналған қашықтан домбырашылардың «Күй-live» республикалық конкурсының лауреаты (2019), Шымкент қаласыың әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен «Достастық халықтарының музыкасы» атты халық аспаптарында орындаушылардың онлайн-фестивалінің лауреаты (2020), ансамбль жетігеншісі Айзат Өтепбаева дипломанты.

2019 жылы ансамбль Қазақстанның Өзбекстандағы жылының аясында «Жамбылдан Жыззахқа тарту» өнер сапарына, Бишкек қаласында өткен «Жібек жолы керуені» атты Халықаралық көрмеде өнер көрсетті.

Мәскеуде «Астана» қорының тапсырмасымен ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Германия мемлекетінің астанасы Берлин қаласында өткен «Евразия ақындары» атты жыр кешіне ансамбль домбырашысы Дидар Басықараев қатысып, Алғыс хатпен марапатталды (21-22.02.2020).

Ансамбль құрамы Жамбыл облысының 80 жылдық мерейтойы аясында өткен «Көне Тараз күмбірі» І Республикалық  этно-фольклорлық ансамбльдер конкурсын өткізіп, аталған өнер додасына ұсынылған «Тараз», «Жамбыл» өңіріне арналған күйлердің партитуралар жинағы мен CD жинағын шығарды (30.06.2019).

2020 жылы ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра дастан», Абай Құнынбайұлының 175 жылдығына орай «Желсіз түнде жарық ай»,  «Ән мен күйдің өлкесі – Әулиеата», «Әулиеата әуендері», «Дала думан»,  «Ән падишасы – Шәмші аға» атты концерттерде өнер көрсетті.

30 сәуірде «Алатау» фольклорлық ансамблінің жетекшісі, фольклор танушы Дастан Көрегеннің шеберлік сағаты онлайн берілді.

Н.Тілендиевтің 95 жылдығына орай танымал ансамбльдермен бірге фольклорлық ансамбльдер челенджіне қатысты (11.04.2020).

Қапеш Байғабылұлының «Үш Меркі» әніне,  К.Әзірбаевтың «Жаса Қазақстан» әніне республика деңгейінде челендждер ұйымдастырды.

«Алатау» фольклорлық ансамблінің жетекшісі, фольклор танушы Дастан Көрегеннің шеберлік сағаты онлайн берілді (30.04.2020).

11 сәуірде «Алатау» фольклорлық ансамблінің жетекшісі Д.Көрегеннің бастамасымен жас композитор Н.Әшіровтың Н.Тілендиевтің 95 жылдығына орай шығарған «Жыр қисса» күйін республикамызға белгілі Түркістандық «Тұмар», «Нұр-Сұлтандық «Қорқыт», Жамбылдық «Алатау», Талдықорғандық «Адырна», Қызылордалық «Ақмешіт» фольклорлық ансамбльдері орындады.

2020 жылдың 27 сәуір мен 27 мамыр күндері аралығында Батыс Қазақстан облысының ұйымдастыруымен күйші-композитор Дәулеткерей Шығайұлының 200 жылдығы мен Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің құрылғанына 20 жыл толуына арналған қашықтан домбырашылардың «Күй-live» республикалық конкурсына фольклорлық ансамбльдің көркемдік жетекшісі Көреген Дастан Аманкелдіұлы қатысып, лауреат атанды.

2 мамырда «Алатау» және «Адырна фольклорлық ансамбльдері Қапеш Байғабылұлының «Үш Меркі» әніне челлендж жасады.

3 мамырда әнші С.Әбенованың орындауында «Алатау» фольклорлық ансамблінің сүйемеледуімен К.Әзірбаевтың «Жаса Қазақстан» әніне челендж түсірілді.

2020 жылы 2 қыркүйекте Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен халық аспаптарында орындаушылардың «Достастық халықтарының музыкасы» атты халық аспаптарында орындаушылардың онлайн-фестивальде «Алатау» фольклорлық ансамблі, жетігенші Айзат Өтепбаева өнер көрсетіп, Дипломдармен марапатталды.

18 қыркүйекте «Ән – арман, «Дала думан» атты дәстүрлі әншілер мен «Алатау» фольклорлық ансамблінің ютуб арнасында радио концерті берілді.

13 қыркүйекте филармонияның «filarmoniyataraz» ютуб арнасында  «Алатау» фольклорлық ансамблінің «Дала думан» атты атты телевизиялық онлайн концерт берілді.

Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра дастан», «Ән мен күйдің өлкесі – Әулиеата», «Әулиеата әуендері», «Дала думан», «Ән падишасы – Шәмші аға» атты концерттерде өнер көрсетті (2020).

Ансамбльдің филармония ютуб арнасында «Дала думан» атты атты телевизиялық онлайн концерті ұйымдастырылды. «Ән – арман, «Дала думан» атты дәстүрлі әншілер мен «Алатау» фольклорлық ансамблінің музыкалық сайттарға шығармалары жүктелді.