Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының "Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы" КМҚК

Мекенжай

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Ұжым / Өнер ұжымдары / «Жамбыл» триосы

«Жамбыл» триосы

Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының «ЖАМБЫЛ» ТРИОСЫ

«Жамбыл» триосы – қазақтың дәстүрлі музыкасы мен ұлттық эстрада өнерін насихаттап жүрген кәсіби шығармашылық ұжым. Трио 2023 жылы құрылды.

Құрамы: домбырада – Мәдениет саласының үздігі Әділет Әбдікерімов, баянда – Бақберген Сметов, домбырада – Ерлан Ибәділдаев. Репертуары халық әндері мен халық композиторларының шығармаларынан, сондай-ақ заманауи авторлардың туындыларынан құралған.

2023 жыл:

2023 жылы трио шығармашылық есеп беру концертін өткізді.

5 мамырда Қызылорда облыстық филармониясының концерт залында өткен К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының 55 жылдығына арналған «Әулиеата әуендері» концерттік бағдарламасына қатысты.

23 ақпанда «1 наурыз – Алғыс айту күніне» арналған «Алғысым шексіз» челленджіне қатысып, эстафетаны А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрына жолдады.

18 мамырда Қазақстан Республикасының Халық әртісі Алтынбек Қоразбаевтың 75 жылдығына арналған «Ән-жырым саған, туған ел» атты ІІІ Халықаралық әншілер конкурсының гала-концертінде өнер көрсетті.

15 желтоқсанда «Баласағұн» орталық концерт залында өткен «Филармония тартуы» атты қорытынды концертке қатысты.

21 желтоқсанда «Тараз» триосының 50 жылдығына арналған «Алатаудан басталған әуен» мерекелік концертінде өнер көрсетті.

Сол жылы Оңал Азаматова мен «Жамбыл» триосының орындауындағы «Қонақжай қазақ» әні республикалық музыкалық сайттарда жарияланып, кеңінен насихатталды.

2024 жыл:

23 ақпанда Кенен Әзірбаевтың 140 жылдығына арналған «Сағындым, Кенен атамды» атты концертте өнер көрсетті.

11–15 сәуір аралығында Оңтүстік Кореяның Пусан және Кимхэ қалаларында өткен «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» ұлттық фестиваліне қатысып, қазақтың дәстүрлі музыкасын халықаралық деңгейде таныстырды.

12 қыркүйекте «Астана әлеуметтік технологиялар» корпоративтік бірлестігінде қайырымдылық концерт өткізді.

23 қазанда Қатар мемлекетінің Доха қаласында Республика күніне арналған ресми қабылдау аясында ұйымдастырылған «Достық әуендері» концертінде өнер көрсетті.

1 қарашада Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Президенттік орталығында өткен Жамбыл облысының 85 жылдығына арналған көрмеде өнер көрсетті.

2025 жыл:

20 ақпанда «Баласағұн» орталық концерт залында өткен күйші-композитор Әбдімомын Желдібаевтың шығармашылығына арналған «Әбдімомын әлемі» концертінде өнер көрсетті.

4 наурызда «Ардақтасақ ардақұтайық ананы» атты мерекелік кешке қатысты.

18 сәуірде Шерхан Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орталығында өткен «Дүниежүзілік еңбек қорғау күніне» арналған іс-шарада өнер көрсетті.

5 маусымда Алматы қаласындағы «Республика» сарайында өткен «Атыңнан айналайын, Әулиеата!» атты думанды концертке қатысты.

6–9 тамыз аралығында Италияның Вьесте қаласында өткен Дүниежүзілік фольклорлар фестивалінде Қазақстан атынан өнер көрсетіп, халықаралық деңгейде жоғары бағаланды.

25 ақпанда Астана қаласында «Туған елге мың алғыс!» атты қайырымдылық концерт өткізді. Сол күні «Жібек жолы» телеарнасының «Жақсы адамдарым» бағдарламасында өнер көрсетіп, «Қазақ» және «Шалқар» радиоларына сұхбат берді.

2 қазанда «Таңғажайып музыка әлемі» жобасына қатысты.

3 қазанда жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған «Мұғалім күні» мерекелік концертінде өнер көрсетті.

30 қазанда Кемел Тоқаев атындағы VIII республикалық детектив шығармалар байқауының марапаттау салтанатында өнер көрсетті.

12 қарашада Түркістан қаласында өткен композитор Бағлан Омаровтың «Кездесу мен қоштасу» шығармашылық кешіне қатысты.

«Жамбыл» триосы – ұлттық өнерді дәріптеп, халықаралық мәдени байланыстарды нығайтып жүрген белсенді шығармашылық ұжым. Қазақстан, Қатар, Оңтүстік Корея, Италия сахналарында өнер көрсетіп, Әулиеата өңірінің мәдени брендіне айналып келеді.