Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы" КМҚК

Мекенжай

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Филармония / Директор

Директор

КЕНЕН ӘЗІРБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

ТҮКТІБАЕВ СЕЙІТҚАСЫМ ШЕРІМҰЛЫНЫҢ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕҢБЕК ЖОЛЫ

Түктібаев Сейітқасым Шерімұлы - 1960 жылдың 15 сәуірінде Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аманкелді ауылында дүниеге келген, ұлты – қазақ, білімі – жоғары. Тараз қаласындағы мәдениет-ағарту училищесін және Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын «инженер-экономист» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1977 жылы Аманкелді колхозының мүшесі, ауыл клубының меңгерушісі болып бастаған. 1978-1981 жылдар аралығында Жамбыл қаласындағы мәдени-ағарту училищесін «мәдени-ағарту жұмысы» мамандығы бойынша, 1988-1994 жылдар аралығында Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын «Жеңіл және тоқыма өнеркәсібінің экономикасы және оларды басқару» мамандығы бойынша бітірген.

1984 жылы Жамбыл облыстық филармониясына администратор болып қабылданып, 1989 жылы бас администратор, 1990 жылдың қараша айында директор орынбасары болып тағайындалған. 1991-2012 жыл аралығында Жамбыл облыстық филармониясының директоры қызметін атқарған.

2015 жылдың шілде айынан бастап «Жамбыл облыстық филармониясы» КМҚК директоры болып қайта тағайындалып, қазіргі таңда осы қызметті жалғастыруда.

2002-2012 жылдар аралығында Жамбыл облысы мәслихатының депутаты болған.

2016 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен С.Түктібаев «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен наградталған.

С.Түктібаев, осы еңбек еткен жылдары өзінің аса жоғары ұйымдастырушылық қабілетімен, терең білімімен,  ұтқыр ойларымен ерекше көзге түсті.

Қай іске болмасын шығармашылық тұрғыдан қарап, тыңғылықты орындау, өз ісіне деген сүйіспеншілік, еңбексүйгіштік, тынымсыздық пен қажырлылық, үлкен жауапкершілік Сейітқасым Шерімұлының еңбек жолындағы басты мақсат-мүддесі, ұстанымы болып табылады.

Осы жылдар бойы өзін тек қана жақсы маман ретінде ғана емес, сонымен қатар кәсіби басшы ретінде көрсетіп, көптеген шығармашылық табыстарға қол жеткізді. Мемлекеттік мереке күндерін өткізуде жаңа бағдарламалар мен өзгерістер енгізді. Республикаға танымал «Тараз» триосының, «Айша бибі»  фольклорлық этнографиялық би ансамблінің құрылуына демеу болса,  «Алатау» ұлттық фольклорлық ансамблінің, қазақ ұлт-аспаптар оркестрінің, «Кәусар» вокалдық тобының, «Модерн» тобы мен «Балауса» цирк ансамблінің құрылуына қолдау көрсетті.

С.Түктібаевтың басшылығымен облыс өнерпаздары Германия, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Үндістан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан т.б. мемлекеттерде конкурстарға қатысып, жүлделі орындардан көрініп келеді.

С.Түктібаевтың ширек ғасырға жуық Жамбыл облыстық филармониясын  басқара отырып білікті басшы ретінде 2018 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, қазақтың әйгілі ақыны, әнші, композитор Кенен Әзірбаевтың есімін беру туралы тың бастамасы Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан қолдау тапты. Бүгінде мекеме атауы Кенен Әзірбаев есімімен аталып, қазақ халқының ұлттық өнері мен мәдениетін кеңінен танымал етуге ұлтжанды азамат ретінде азаматтық өз үлесін қосты.

Ұзақ жылдардағы облыс мәдениеті мен өнерін дамытуға қосқан еңбегі үшін Қазақстан Республикасы ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі мен Қазақстан Республикасында мәдениет пен өнерді қолдаудың мемлекеттік Қорының «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісімен марапатталған, облыс әкімінің, облыстық мәслихат хатшысының, «Nur Otan» партиясының  тарапынан жоғары бағаланып,  Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарға ие болған.  2019 жылы Тараз қаласының Құрметті Азаматы төсбелгісінің иегері болды.

2022 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағымен марапатталды.