Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы" КМҚК

Мекенжай

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Ұжым / Өнер ұжымдары / «Ақ кербез» би ансамблі

«Ақ кербез» би ансамблі

К.ӘЗІРБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫНЫҢ

«АҚ КЕРБЕЗ» БИ АНСАМБЛІНІҢ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕҢБЕК ЖОЛЫ

К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының «Ақ кербез» би ансамблі 2012 жылдың ақпан айында құрылды. Би ұжымының негізгі құрамы 20 бишіден тұрады. Балетмейстер - Айжан Қонарбаева.

Ансамбльдің жетістіктері:

  1. VIIІ облыстық жастар Дельфийлік ойындарының «Халық биі» аталымы бойынша ІІІ орын иегері (18 мамыр, 2012 жыл);
  2. «Қазақстан» ұлттық арнасында өткен «Наурыз-думан» мерекелік телебағдарлаға қатысып, өнер көрсетті (2012 жыл);
  3. Республикалық «Бұраң бел» би байқауының ІІІ орын иегері (26 сәуір, 2013 жыл);
  4. ІХ облыстық жастар Дельфийлік ойындарының «Халық биі» аталымы бойынша І орын иегері (14 маусым, 2013 жыл);
  5. Астана қаласында өткен «Аймақтар аламаны» республикалық телебайқауына қатысып, жеңімпаз атанды (3-4-5-6 қараша, 2013 жыл);
  6. Астана қаласының әкімдігінің және «Наз» мемлекеттік би театрының қолдауымен «Баян-Сұлу» Шоу балет студиясы балалар мен жасөспірімдер арасында жастардың шығармашылық қарым-қатынасына мүмкіндік беру, кәсіби шеберлігін дамыту және шығармашылықты насихаттау мақсатында екінші Республикалық өнер конкурсының Гран-при иегері (4-8 ақпан, 2015 жыл);
  7. Алматы қаласы «Хабар» агенттігінің жанынан ашылған «Білім және Мәдениет» телеарнасында дәстүрлі өнердің даралығын танытар «Ғасырлар пернесі» бағдарламасына «Ақкербез» би ансамблі концерттік бағдарламасымен бейнетаспаға түсті (1 сәуір, 2014 жыл);
  8. Шымкент, Түркістан, Кентау, Астана, Алматы, Талдықорған, Ақтөбе, Орал қалаларында, Қырғыз Республикасы Талас қаласында гастрольдік концерттерге қатысты;
  9. 2015 жылдың 7 сәуірінде «Баласағұн» орталық концерт залында «Би маржандары» атты алғашқы есептік кешін өткізді, қазіргі таңда қала, облыс көлемінде өтіп жүрген түрлі мәдени-көпшілік іс-шараларға белсене қатысып келеді;
  10. «Би керуені» атты есептік концертін бері (15.11.2018 жыл);
  11. Облыстық білім басқармасының ықпалымен 170 беттен тұратын «Алматы кітап» баспасынан басылып шыққан туған өлкенің қалыптасуы мен дамуын жан-жақты сипаттайтын тарихи, географиялық, мәдени, табиғи және басқа да мазмұндамасы туралы жас ұрпақтың танымдық білімдерін тереңдетіп, елдік құндылықтарды қастерлеп, құрметтеуге бағытталған Жалпы орта білім беретін мектептің «Өлкетану» оқулығына оркестрдің еңбек жолы енгізілді (2018).
  12.  Үндістан, Дели, Порт-Бдэр остров Шиллонг, Гувахатиха концерттер өткізді (2017 жыл);
  13. Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Халифа мен Заид әл-Нахаян атындағы гуманитарлық ұйымының ұйымдастыруымен Әбу-Даби қаласында өткен Халықаралық шейх Заид атындағы мәдени фестивальге қатысып, сертификат иеленді (2019 жыл);
  14. Шара Жиенқұлова атындағы V Республикалық қазақ биі конкурсына қатысып, жеңімпаз атанды (2019 жыл);
  15. Биші Гүлнұр Қасымбек «AKADEMY KAZAKHSTAN» Халықаралық би жобасының лауреаты болды (2019 жыл);
  16. Би ансамблінің әртістері Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің қолдауымен өткен Американың заманауи балет труппаларының бірі «Company E» және «Самұрық» Қазақстанның заманауи би театрының шеберлік сағатына қатысып, біліктілігін жоғарлатты;
  17. «Қазақ биіндегі қимылдардың орындау әдістемесі»  тақырыбындағы шеберлік сабағына Айжан Қонарбаева мен Азиза Джусипова қатысып, біліктілігін көтерді (2019 жыл).

Би ансамблінің репертуарында «Ерке сылқым», «Шаттық», «Аққу», «Жастар биі», «Жайлауда», «Гәкку», «Мереке», «Әз думан», «Қуаныш», «Ақсақ киік», «Ұйғыр», «16 қыз», «Қалыңдық», «Хорезм», «Үнді», «Түрік» т.б. билері бар.

Ансамбль облыс елді-мекендері мен тараз қаласында «Құтты мекенім», «Өз елім» атты концерттер берді, «Би керуені» атты телевизиялық концертін түсірді.

Би ұжымының әртістері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалаларын ілгерілету, ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты  жолдауын насихаттау, ұлы ақын, кемеңгер ойшыл Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы мен Ұлы Жеңістің 75 жылдығын дәріптеу, Қазақстан Республикасы Конституциясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығын паш ету, балалар мен жасөспірімдерден құралған хореографиялық би ансамбльдерін таныту, шығармашылық базаны қалыптастыру, халықтық, классикалық және заманауи хореографияны дамыту мақсатында «Би керуені - 2020» Облыстық хореографиялық ансамбльдер конкурсын өткізді (22-23.02.2020).

Балетмейстер Айжан Қонарбаеваның қазақ билері бойынша шеберлік сағаты онлайн жүйесінде өтсе (25.05.2020), «Ақкербез» би ансамблінің жұмысы онлайн көрсетілімде насихатталды (29.06.2020).

«Біз біргеміз» челленджінде би ансамблі «Шаттық» биін республикаға танымал би ансамбльдерімен бірге орындады (07.042020).