КГКП "Жамбылская областная филармония имени Кенена Азербаева" управления культуры и развития языков акимата Жамбылской области

Адрес

г. Тараз, ул. Толе би, 89

Контактный Телефон

+7 (7262) 34-29-59

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

Главная / Медиа / Вакансии / Би ансамблінің қоюшы балетмейстері – 1 бірлік бос тұрған лауазымына конкурс жариялайды

Би ансамблінің қоюшы балетмейстері – 1 бірлік бос тұрған лауазымына конкурс жариялайды

Кәсіпорынның атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама  басқармасының «Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Орналасқан жері: пошталық индексі 080000. Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Төле би көшесі №89 үй. Тел. (87262) 34-10-12.

Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыты: Әдебиет және өнер туындыларын көпшілік алдында орындауға және көркемдік ұжымдар мен жекелеген орындаушыларды танымал етуге жағдайлар жасау, халықтың рухани және эстетикалық сұранысын қанағаттандыру, кәсіби көркемдік ұжымдар мен жекелеген орындаушылардың концерттерін ұйымдастыру, көркемдігі жоғары бағдарламалар мен нөмірлер жасаудың жағдайларын қамтамасыз ету, музыкалық-ағартушылық қызметті жүзеге асыру, халыққа музыкалық-эстетикалық тәрбие беру, ҚР заңнама талаптарына сәйкес ақылы қызметтер көрсету болып табылады.

Лауазымдық міндеттері: хореография өнерінің авторлық шығармаларын жасайды, жаңа және жаңартылған түрлі жанрлар көрінісіндегі хореография қойылымдарын қоюды жүзеге асырады, ұйым басшылығына қойылым топтарының құрамы туралы ұсыныстар береді, басшылықтың және (немесе) көркемдік кеңестің бекітуіне қойылымның сахналық безендіру эскиздері мен макетін ұсынады, дайындықтар жүргізеді, дайындықтарға қатысатын қойылым тобы мен көркемдік-қоюшы топ қызметкерлерінің жұмысына жетекшілік етеді, бұрын қойылған қойылымдарға жаңа орындаушыларды жоспарлы, жедел және шұғыл енгізуді жүзеге асырады;

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

      біліктілігі жоғары деңгейлі маман:

      1) жоғары санаттағы: "хореография" мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі І санатты маман лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      2) І санаттағы: "хореография" мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі ІІ санатты маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      3) ІІ санаттағы: "хореография" мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ маман лауазымында 1 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      4) санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, "хореография" мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;

      біліктілігі орта деңгейлі маман:

      1) жоғары санаттағы: "хореографиялық өнер" мамандығы бойынша орта кәсіби техникалық (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша біліктілігі орта деңгейлі І санатты маман лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      2) І санаттағы: "хореографиялық өнер" мамандығы бойынша орта кәсіби техникалық (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша біліктілігі орта деңгейлі ІІ санатты маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      3) ІІ санаттағы: "хореографиялық өнер" мамандығы бойынша орта кәсіби техникалық (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша біліктілігі орта деңгейлі санаты жоқ маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      4) санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, "хореографиялық өнер" мамандығы бойынша орта кәсіби техникалық (орта арнаулы, орта кәсіби) білім.

Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заңдарын, хореография өнерінің теориясы мен тәжірибесін, қойылымдардың сахналық безендірілуін, музыкалық өнер негіздерін, отандық және әлемдік балет, ән, театр, цирк өнерінің және әдебиетінің тарихын, сахна технологиясын, орындаушылық өнер саласындағы экономиканы және басқаруды.

Би ансамблінің қоюшы балетмейстерінің лауазымдық жалақысы білімінің денгейіне сәйкес 58046 теңгеден  63178 теңге  дейін.

Конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы «Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» № 1017 бұйрығына сәйкес өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы» zhofil.kz интернет – сайтында жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жай бойынша қабылданады: Тараз қаласы, Төле би көшесі № 89, 2 қабат, №208 каб., тел.: 8(7262)34-10-12.

Мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:

  1. конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақ (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
  4. білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
  5. еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнына қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмесі;

6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау

министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Конкурс өтетін күні: 2019 жыл 6 ақпан.

Конкурстың өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Төле би даңғылы №89 (2 қабат, 208 бөлме)

Осы лауазымға орналасқан тұлға үшін көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй және өзге де жеңілдіктер берілмейді.