КГКП "Жамбылская областная филармония имени Кенена Азербаева" управления культуры и развития языков акимата Жамбылской области

Адрес

г. Тараз, ул. Толе би, 89

Контактный Телефон

+7 (7262) 34-29-59

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

Главная / Медиа / Вакансии / Суретші дизайнер – 1 бірлік бос тұрған лауазымына конкурс жариялайды

Суретші дизайнер – 1 бірлік бос тұрған лауазымына конкурс жариялайды

Кәсіпорынның атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама  басқармасының «Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Орналасқан жері: пошталық индексі 080000. Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Төле би көшесі №89 үй. Тел. (87262) 34-10-12.

Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыты: Әдебиет және өнер туындыларын көпшілік алдында орындауға және көркемдік ұжымдар мен жекелеген орындаушыларды танымал етуге жағдайлар жасау, халықтың рухани және эстетикалық сұранысын қанағаттандыру, кәсіби көркемдік ұжымдар мен жекелеген орындаушылардың концерттерін ұйымдастыру, көркемдігі жоғары бағдарламалар мен нөмірлер жасаудың жағдайларын қамтамасыз ету, музыкалық-ағартушылық қызметті жүзеге асыру, халыққа музыкалық-эстетикалық тәрбие беру, ҚР заңнама талаптарына сәйкес ақылы қызметтер көрсету болып табылады.

Лауазымдық міндеттері: көркемдік-дизайндық және көркем безендіру жұмыстарының орындалуын жүзеге асырады, эскиздерді жасайды және экспозициялардың, көрмелердің макеттері жобаларының көркемдік безендірілуі бойынша жұмыстарды орындайды, көрмелік және экспозициялық коллекциялардың, концерттік ісшаралардың көркемдік безендіру жобасын жасауға қатысады, сахна залын салтанатты ісшарада, концерттік ісшараларды әрлеу жұмыстарын жүргізеді. Алдын ала және ағымдағы жарнамасы бойынша көркемдік-безендіру жұмыстарының, уақтылы әрі сапалы орындалуын және өткізілетін іс-шараларды жүргізуді жүзеге асырады, филармонияның қасбетін, ішкі көрінісін, сахнасын, жарнама басылымдарын (буклеттер, афишалар, шақыру билеттері, кинотеатрдың бланктерін, клише) көркемдік безендіру нобайын жасайды; кәсіпорынның қасбеттік жарнамалары үшін фотосуреттер, плакаттар, көрнекті және мәтіндік материалдарды іріктеуді, жарнаманы көркемдік және түсті безендірудің барынша ұтымды шешімдерінің нұсқаларын іздеуді жүзеге асырады, безендіру жұмыстарының дұрыс іске асуын бақылайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

     біліктілігі жоғары деңгейлі маман:

      1) жоғары санаттағы: "өнер" мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі I санатты маман лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      2) І санаттағы: "өнер" мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі ІІ санатты маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      3) ІІ санаттағы: "өнер" мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      4) санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, "өнер" мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;

      біліктілігі орта деңгейлі маман:

      1) жоғары санаттағы: "өнер және мәдениет" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және біліктілігі орта деңгейлі I санатты маман лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      2) I санаттағы: "өнер және мәдениет" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және біліктілігі орта деңгейлі II санатты маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      3) ІІ санаттағы: "өнер және мәдениет" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, арнайы кәсіби) білім және біліктілігі орта деңгейлі санаты жоқ маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      4) санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, "өнер және мәдениет" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім.

Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы», "Тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану туралы" заңдарын, көркемдік-безендіру жұмыстарының орындалу технологиясын, көркемдік-безендіру жұмыстарының отандық және шетелдік озық тәжірибесін.

Суретші дизайнердің лауазымдық жалақысы білімінің денгейіне сәйкес  49020 теңгеден  59818 теңге  дейін.

Конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы «Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» № 1017 бұйрығына сәйкес өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы» zhofil.kz интернет – сайтында жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жай бойынша қабылданады: Тараз қаласы, Төле би көшесі № 89, 2 қабат, №208 каб., тел.: 8(7262)34-10-12.

Мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:

  1. конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақ (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
  4. білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
  5. еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнына қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмесі;

6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау

министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Конкурс өтетін күні: 2019 жыл 19 наурыз.

Конкурстың өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Төле би даңғылы №89 (2 қабат, 208 бөлме) Осы лауазымға орналасқан тұлға үшін көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй және өзге де жеңілдіктер берілмейді.