1 наурыз – Алғыс айту күні!
1 наурыз – жүректерге жылу ұялатқан, татулық пен ризашылықтың мерекесі. Бұл күн – тағдыр тоғыстырған барша қазақстандықтардың бір-біріне құрмет білдіріп, алғыс айтатын айрықша сәті.
Осы мерейлі күні Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы барша жерлестерді Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтайды!
Бірлігіміз бекем, ынтымағымыз жарасқан ел болайық!
Еліміздің өркендеуі жолында аянбай еңбек етіп жүрген азаматтарға, өнерді ардақтап, руханиятты қолдап жүрген көрермендерге алғысымыз шексіз.
Алғыс – адамдықтың асыл қасиеті.
Алғыс – татулықтың алтын көпірі.
Әр шаңыраққа амандық, береке, бақ-береке тілейміз!

02 Март 2026
14
26 Апр 2019