Отбасы күні!
Құрметті отандастар!
Елімізде жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде Отбасы күні атап өтіледі.
Кенен Ата филармониясы барлық қазақстандықтарды шын жүректен атаулы мерекемен құттықтайды!
Біздің қоғамда отбасы әрқашанда рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы, түрлі буындар арасын жалғастырушы болды және солай болып қала бермек.
Отанға деген сүйіспеншілік отбасынан басталады. Туған шаңырақтан алған тәрбие - бұл барша халқымыздың бақуатты да табысты болашағының кепілі.
Отбасы күні баршаларыңызға амандық және баянды отбасылық бақыт тілейміз. Әрбір қазақстандық отбасының өркендеуімен біздің Қазақстанымыз, біздің Отанымыз нығая берсін.
Игі тілекпен, С.Ш.Түктібаев - К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.