КГКП "Жамбылская областная филармония имени Кенена Азербаева" управления культуры и развития языков акимата Жамбылской области

Адрес

г. Тараз, ул. Толе би, 89

Контактный Телефон

+7 (7262) 34-29-59

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

Главная / Медиа / Новости / Германияда қазақ әуендері шарықтайды

Германияда қазақ әуендері шарықтайды

Қазақстан мен Германия арасындағы мәдени ынтымақтастық өзара түсіністік пен сенімді нығайтуда маңызды рөл атқарып, екі елге дәстүр мен өнер жетістіктерін танысуға жол ашып отыр.

Осы бағыттағы байланыстарды одан әрі дамыту және халқымыздың бай тарихи-мәдени мұрасын неміс қоғамына кеңінен насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасының Елшілігі Германияның түрлі өңірлерінде бірқатар мәдени шараларды өткізуді жоспарлауда.

Аталған бастама аясында 2025 жылдың 13–17 қазан аралығында Қазақстан Республикасының күніне орай, К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының ұжымы арнайы гастрольдік сапармен барады.

«Қазақстан – құтты мекенім» атты концерттік бағдарлама 14 қазанда Саарбрюккен қаласында, ал 16 қазанда Берлин қаласында көрермен назарына ұсынылады.

Бұл шара ұлттық өнеріміздің байлығы мен бірегейлігін паш етіп қана қоймай, Қазақстан мәдениетінің халықаралық деңгейде танымалдығын арттыруға ықпал етпек. Өнерпаздардың халықаралық қатынасына Жамбыл облысы әкімдігі тарапынан да қолдау көрсетілуде.

Концертке қатысушылар:

«Қазақ елі» ансамблі (жетекшісі – мәдениет саласының үздігі Дулат Байзилдаев);

Жандос Омаров – мәдениет саласының үздігі, әнші;

Наурызхан Абдрахманов – бас домбырашы;

Айман Шерметова – жетігенші;

Мәдина Байзилдаева – прима қобызшы;

Рауан Аблкасов – орындаушы;

Динара Диханбаева – әнші.