КГКП "Жамбылская областная филармония имени Кенена Азербаева" управления культуры и развития языков акимата Жамбылской области

Адрес

г. Тараз, ул. Толе би, 89

Контактный Телефон

+7 (7262) 34-29-59

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

Главная / Медиа / Новости / «Әдебиеттің алтын тұяғы» атты шығармашылық кездесу өтті

«Әдебиеттің алтын тұяғы» атты шығармашылық кездесу өтті

2025 жылғы 19 қарашада Ш.Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орталығында жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақстан журналистер одағының мүшесі Көсемәлі Сәттібаев Сәттібайұлымен «Әдебиеттің алтын тұяғы» атты 1000 сұрақ форматындағы шығармашылық кездесу болып өтті.

Шара аясында К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әншілері Құрмаш Қуанышбаев пен Мадина Бердиярова өнер көрсетті.

Іс-шараның ұйымдастырушылары:

«Жамбыл облысының көзі көрмейтін және әлсіз көретін кітапхана» КММ,К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы.

Мақсаты:

Жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар одағы және Қазақстан журналистер одағының мүшесі Көсемәлі Сәттібаев Сәттібайұлымен еркін форматтағы кездесу өткізу арқылы қатысушыларға қазақ әдебиетінің дамуы, қаламгердің шығармашылық жолы мен қоғамдағы орны туралы терең мағлұмат беру, оқырман мен жазушы арасындағы байланыс орнату, сұрақ-жауап арқылы шығармашылық мәдениетті насихаттау және қазақ руханиятын дәріптеу.