КГКП "Жамбылская областная филармония имени Кенена Азербаева" управления культуры и развития языков акимата Жамбылской области

Адрес

г. Тараз, ул. Толе би, 89

Контактный Телефон

+7 (7262) 34-29-59

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

Главная / Медиа / Новости / Құрмаш Қуанышбаевтың «Janyn Online» атты шығармашылық ән кеші өтті

Құрмаш Қуанышбаевтың «Janyn Online» атты шығармашылық ән кеші өтті

9 желтоқсан күні Тараз төріндегі «Баласағұн» орталық концерт залында Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әншісі, Мәдениет саласының үздігі Құрмаш Қуанышбаевтың «Janyn Online» атты шығармашылық ән кеші жоғары деңгейде өтті.

Бұл бірегей шоу-концертте филармонияның «Фирдауыс» квартеті, сондай-ақ Dieata KZ тобы өнер көрсетіп, кештің сәнін келтіріп, көрерменге ерекше серпін сыйлады.

Айта кету керек, Құрмаш Қуанышбаев — көптің жүрегінен орын алған, өз өнерімен елді мойындатқан «The Voice» тележобасының жеңімпазы. Оның шынайы дауыс мүмкіндігі мен сахналық мәдениеті көрерменнің зор қошеметіне ие болды.