«Даланың дауысын жеткізген дара тұлға» жыр экспедициясы өтті
Кітапханада қазақ халқының ұлы ақыны, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай «Даланың дауысын жеткізген дара тұлға» атты жыр экспедициясы ұйымдастырылды.
Рухани шара барысында Жамбыл Жабаевтың өмір жолы мен шығармашылық мұрасы кеңінен насихатталып, оның халық жадындағы орны, қазақ поэзиясындағы дара болмысы сөз болды.
Қатысушылар ақынның жалынды жырларынан үзінділер оқып, ұлттық рух пен даланың үнін сезінді. Жыр экспедициясы — ұлы тұлғаның өшпес мұрасын кейінгі ұрпаққа жеткізуді мақсат еткен тағылымды кездесу болды.
Игі шарада филармонияның дәстүрлі әншілері Мерей Абуева мен Бекарыс Көштаев ақынның шығармашылығынан ән шашу жасады.




22 Янв 2026
12
26 Апр 2019