ІІ облыстық «Жұлдызыңды жақ» ән байқауы өтті
24 қаңтар күні Тараз қаласындағы Оқушылар сарайында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы мен Тараз қаласының білім бөлімі ұйымдастырған ІІ облыстық «Жұлдызыңды жақ» ән байқауы өтті.
Өнер додасына өңірдің әр түкпірінен 70-ке жуық жас өнерпаз қатысып, өзара бақ сынады. Қатысушылар вокалдық шеберліктерін, сахна мәдениетін және шығармашылық мүмкіндіктерін көрсетті.
Байқау аясында білім беру мекемелері мен Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы арасында шығармашылық байланыс нығайды. Филармонияның тәжірибелі әртістері жас таланттарға тәлімгерлік жасап, қазылар алқасының құрамында болды.
Игі шарада әнші, Мәдениет саласының үздігі Балжан Ділдәбекова қазылық жасап, кәсіби шеберлігімен ерекшеленді.
Байқау қорытындысы бойынша үздік деп танылған қатысушылар дипломдармен және марапаттармен марапатталды.
Жас өнерпаздарға сәттілік тілейміз!




26 Янв 2026
20
26 Апр 2019