КГКП "Жамбылская областная филармония имени Кенена Азербаева" управления культуры и развития языков акимата Жамбылской области

Адрес

г. Тараз, ул. Толе би, 89

Контактный Телефон

+7 (7262) 34-29-59

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

Главная / Медиа / Новости / «Поэзия жауһары» атты жыр сандық концерттік кеші өткізілді

«Поэзия жауһары» атты жыр сандық концерттік кеші өткізілді

28 сәуірде Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасына қарасты Ш.Уалиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында және К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының ұйымдастыруымен қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері, Жамбыл облысының құрметті азаматы, ақын Күләш Ділдәқызы Ахметованың 80 жылдық мерейтойына арналған «Поэзия жауһары» атты жыр сандық концерттік кеші өткізілді.

Іс-шараның басты мақсаты – ақын шығармашылығын кеңінен насихаттау, поэзия өнерінің құндылығын дәріптеу, сондай-ақ жас ұрпақтың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру. Концерттік бағдарлама аясында ақын сөзіне жазылған бірқатар әндер көрермен назарына ұсынылды. Атап айтқанда: «Жақсылықтың бағасы» әні (әні: Баян Нұрмышева, сөзі: Күләш Ахметова) – орындаған Айгүл Мақашова, Ғани Мәтебаев; «Жан дала – жәннат дала» әні (әні: Бағлан Бәбіжан, сөзі: Күләш Ахметова) – орындаған Ернұр Абухас; «Нағашыма» әні (әні: Клара Төленбаева, сөзі: Күләш Ахметова) – орындаған Нұргүл Мусали; «Сен Қазақсың» әні (әні: Кентау Назарбек, сөзі: Күләш Ахметова) – орындаған Орынбасар Бақытұлы. Кеш барысында ақынның өмір жолы мен шығармашылық мұрасы кеңінен таныстырылып, жыр шумақтары оқылып, көрерменге ерекше рухани әсер сыйлады. Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көрермен тарапынан зор ықыласқа ие болды.