«Достық әуендері» атты мерекелік концерттік бағдарлама өтті
30 сәуір «Баласағұн» орталық концерт залында К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Достық әуендері» атты мерекелік концерттік бағдарламасын өткізді.
Концерттің негізгі мақсаты – Қазақстан халқының бірлігі мен татулығын дәріптеу, түрлі этностардың мәдениеті мен өнерін насихаттау, сондай-ақ көпұлтты қоғамдағы достық пен ынтымақтастықты көркем өнер арқылы көрсету болды.
Іс-шара барысында көрермендерге әртүрлі халықтардың музыкалық мұралары ұсынылып, ұлттық әуендер мен заманауи эстрадалық шығармалар үндестік тапты. Концерт екі бөлімнен тұрды: алғашқы бөлімде оркестрлік шығармалар орындалса, екінші бөлім эстрадалық бағыттағы әндер мен билерге арналды.
Кеш барысында қазақ, орыс, өзбек, тәжік, қырғыз, кәріс, қытай және еуропалық классикалық және эстрадалық шығармалар орындалып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Әсіресе, финалда орындалған «Атамекен» әні барлық қатысушылардың ортақ патриоттық сезімін оятты.
Концерт жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көрермендер тарапынан ыстық ықыласқа ие болды.









30 Апр 2026
17
26 Апр 2019