4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні!
«Баласағұн» ОКЗ-да Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Рәміздер рухы – Конституцияның күші» атты жалпыұлттық патриоттық акциясы аясында «Патриотизм дауысы» акциясы ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін салтанатты орындау шарасы өткізілді. Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік рәміздердің мәртебесін арттыру, азаматтардың елге деген сүйіспеншілігін нығайту, қоғамда патриоттық сананы қалыптастыру және ұлттық бірлікті дәріптеу болды. Шара барысында филармония әртістері Мемлекеттік Гимнді бір мезетте орындап, ел тәуелсіздігі мен мемлекеттік рәміздерге деген құрметтерін білдірді.
Аталған іс-шаралар туралы ақпараттар zhofil.kz ақпараттық сайтында, сондай-ақ Filarmoniya_kenen Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында жарияланды.

04 Июнь 2026
18
26 Апр 2019