КГКП "Жамбылская областная филармония имени Кенена Азербаева" управления культуры и развития языков акимата Жамбылской области

Адрес

г. Тараз, ул. Толе би, 89

Контактный Телефон

+7 (7262) 34-29-59

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

Главная / Медиа / Новости / «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасының облыстық кезеңі

«Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасының облыстық кезеңі

2026 жылғы 22 қыркүйек күні Тараз қаласындағы «Достық үйі» ғимаратында «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасының облыстық кезеңі өткізілді.
Іс-шараның негізгі ұйымдастырушылары – Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы және басқармаға қарасты «Қоғамдық келісім» КММ болды.
Жобаның негізгі мақсаты – тәжірибе алмасу, ұлттық өнерді дәріптеу, жас көркемөнерпаздарды қолдау, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және өнерге деген қызығушылығын арттыру болды.
Облыстық кезең аясында жас өнерпаздар арасында дәстүрлі өнер және эстрада бағыттары бойынша музыкалық байқау өткізілді.
Байқауға қазылар алқасының құрамында:
Дәстүрлі өнер бағыты бойынша – «Алатау» фольклорлық ансамблінің жетекшісі, «Мәдениет саласының үздігі» Дастан Аманкелдіұлы Көреген;
Эстрада бағыты бойынша – Гүлшат Тинасилова жұмыс атқарды.
Қазылар алқасы жас өнерпаздардың орындаушылық шеберлігін бағалап, олардың шығармашылық ізденісіне қолдау көрсетті. Іс-шара барысында қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, кәсіби бағыт-бағдар алды.