«Тәуелсіздікке тарту» концерті өтті
Жер бетіндегі қай халық үшін болса да, азаттықтан асқан ұлы ұғым, тәуелсіздіктен биік тұғыр жоқ. Сондықтан да, бүкіл қазақ халқы үшін, барша қазақстандықтар үшін Ұлттық мейрам - Тәуелсіздік күні басты мереке.
Осы атаулы мерекеге орай Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 10-желтоқсан күні сағат 17.00-де «Баласағұн» ОКЗ-да «ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ» атты концерттік бағдарламасын ұсынды.
Концертте «Алатау» фольклорлық ансамблі, «Кәусар» вокалдық ансамблі, «Ақкербез», «Айша Бибі» би ансамблдері, ҚР Мәдениет қайраткерлері, Мәдениет саласының үздіктері, филармонияның эстрада, дәстүрлі әншілері өнер көрсетті.