Арманы асқақ қазақ елі
Биыл Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, қазыналы кеудесі шежіреге толы, жыраулық сарынды сақтап, асыл аманатты ұрпаққа ұластырған, ұлы сарынның сарқыты атанған Жамбыл жыраудың 175 жылдығы. Бұл айтулы мерейтойларға «Алатау» фольклорлық ансамблі де өзіндік үлесін қосуда.
Осы орайда «Баласағұн» ОКЗ-да «Алатау» фольклорлық ансамблінің «Арманы асқақ Қазақ елі» атты концерті өтті. Ұлттық аспаптарымыздың сүйемелдеуімен филармония әншілері ән шырқап, көрермендердің ыстық ықыласына ие болды. Жанды дауыста өткен концертіміз алдағы уақытта да өз жалғасын табатыны сөзсіз.