КГКП "Жамбылская областная филармония имени Кенена Азербаева" управления культуры, архивов и документации акимата Жамбылской области

Адрес

г. Тараз, ул. Толе би, 89

Контактный Телефон

+7 (7262) 34-29-59

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

Главная / Медиа / Новости / «Шырқа даусым» X республикалық дәстүрлі әншілер конкурсы өтті

«Шырқа даусым» X республикалық дәстүрлі әншілер конкурсы өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық мәдениет,архивтер және құжаттама басқармасы К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы мен "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Кенен Әзірбаев атындағы Х Республикалық «Шырқа, даусым» дәстүрлі әншілер конкурсы өтті.

Сақтық шараларын сақтай отырып, телевизиялық онлайн форматта өткен конкурсқа республиканың түкпір-түкпірінен келген 30 үміткер қатысты.

Конкурста Қазақстанның және Қырғызстанның халық артисі, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Алтынбек Қоразабев қазылар алқасына төрағалық етті. Ал қазылар алқасының құрамында: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Саят Медеуов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Айгүл Қосанова, Республикалық және халықаралық конкурстардың жеңімпазы, әнші Бейбіт Мұсаев болды.

Ән додасы ІІ кезеңде өтті. І кезеңде үміткер ереже тізімінде көрсетілген К.Әзірбаевтың кез-келген бір әнін және өз таңдауында Ж.Жабаевтың ән, жыр-термелерін, ақынның өлеңіне жазылған туындыларды орындады.

ІІ кезеңге 17 өнерпазға жолдама берілді. Бұл кезеңде үміткер екі ән орындады, яғни бірі - өз таңдауы бойынша халық әнін немесе халық композиторларының әнін және ереже тізімінде көрсетілген К.Әзірбаевтың әндерінің бірін жеребе тарту бойынша орындады. Осы жылғы конкурста ақынның еш жерде орындалмаған және соңғы шығарған әндері орындалды.

Іс-шара барысында конкурсанттарға сәттілік тілеп, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Нұрманұлы Жүнісбай мен Бақытжан Кененұлы СД жинақтың тұсауын кесті. Топтамаға 3 дискі енді. 1) «Күй мен жырым ағылсын, Ел-жұртымның бағы үшін» атты жинаққа танымал өнер шеберлерінің орындауында Ж.Жабаевтың ән-жырлары мен күйлері, айтыс өнері, арнаулар мен ұстазы С.Аронұлының толғаулары енді. 2) «Қосылған қоңыр қазға ән мен үнім» атты жинаққа Кенен атаның өз орындауындағы туындылары, өнер майталмандарының арнау әндері мен күйлері енді. 3) «Шырқа, даусым» атты жинақта елімізге танымал әншілер мен өнер ұжымдарының, К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы әртістерінің, «Шырқа, даусым» конкурсына қатысқан өнерпаздардың орындауындағы Кенен атаның өлең-жырлары мен әсем ән-күйлері еніп отыр. Жинақ Қазақ радиосының 100 жылдық мерейтойына да тарту болмақ.

Әншілік өнерімен ІІ кезеңге өткен 17 өнерпазға «Халық ақыны Кенен Әзірбаевтың шығармашылығымен оның мұрагерлерінің туындыларын насихатату және дарынды жастарға қолдау көрсету жөніндегі «Кенен Ата» жеке қорының атынан, сазгердің 20 әнін Бейбіт Мұсаевтың орындауындағы СД жинақтарды және де Бақытжан Кененұлының әндерінен «Көңіл кептері» атты СД жинақ естелікке тарту етілді. Кенен ата ұрпақтарының атынан ақынның бейнесі тоқылған кілемшені, Бақытжан Кененұлының «Ұлы дала жыршысы» атты кітабы, ақынның әндері басылған СД жинақтары Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Нұрманұлына ұсынылды.

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының атынан Бақытжан Кененұлына шапан және «Көне Тараз» қорының естелік портреті берілді.

Әділ-қазылар алқасына Бақытжан Кененұлының «Ұлы дала жыршысы» атты кітабы сыйға берілді.

Өнерпаздарды құттықтау үшін және облыс әкімінің арнайы жүлдесі мен 100 000 теңге қаржылай сыйақысын, конкурстың Бас жүлде лауреат белгісін, 600 000 теңгенің сетификатын Жамбыл облысының әкімі Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев табыстады.

Кенен ата ұрпақтарының атынан ақынның бейнесі тоқылған кілемше мен 5 томдық шығармалары, Бақытжан Кененұлының «Ұлы дала жыршысы» атты кітабы, ақынның әндері басылған СД жинақтары облыс әкіміне сыйға тартылды.

Қорытынды сөз қазылар алқасының төрағасы Алтынбек Қоразбаевқа берілді.

Конкурс нәтижесіне сәйкес, жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

ІІІ орын лауреат белгісі және 200 000 теңгенің сертификат иегері Қуанбек Елбол Сейілбекұлы - Түркістан облысы;

ІІІ орын лауреат белгісі және 200 000 теңгенің сертификат иегері Сәлімхан Нұрдана - Талдықорған қаласы.

ІІ орын лауреат белгісі және 300 000 теңгенің сертификат иегері Омархан Жігер - Алматы облысы;

ІІ орын лауреат белгісі және 300 000 теңгенің сертификат иегері Ұзақбай Нұрболат Таңатұлы - Балқаш қаласы;

І орын лауреат белгісі және 500 000 теңгенің сертификат иегері Қасымбеков Ербосын Ерболұлы, Жамбыл облысы, Шу ауданы;

Бас жүлде лауреат белгісі және 600 000 теңгенің сертификат иегері Уатқан Шаттық - Алматы қаласы;

Өнер көрсеткен 13 өнерпазға Алғыс хаттар мен 50 000 теңгелей қаржылай сыйақылар тапсырылды. Олар:

1. Тезекбаев Ғалымжан Сәрсенғалиұлы - Жамбыл облысы, Сарысу ауданы;

2. Орунбасар Айгерім Бауржанқызы - Шымкент қаласы;

3. Көпбосын Айсұлтан Талғатбекұлы - Жамбыл облысы, Талас ауданы;

4. Зейкенова Гүлнафис Жанболатқызы - Қарағанды қаласы;

5. Сақтағанова Жанар Қазнауиқызы - Көкшетау қаласы;

6. Бақтыбайұлы Сәулетбай – ҚХР, Іле облысы;

7. Өмірғалы Мадияр Азаматұлы - Қарағанды облысы;

8. Жаппар Абылай Қанайұлы - Қарағанды қаласы;

9. Рахманбердиева Зарина Нұрғалиқызы - Қостанай облысы, Рудный қаласы;

10. Рахимбердиев Дамир Жанисбекұлы - Тараз қаласы;

11. Ұлыхбан Нұрсабек - Алматы облысы;

12. Сағындық Аружан Айтманқызы -Түркістан қаласы;

13. Қабыланбек Айжан Нұрланқызы - Алматы қаласы.

Дипломант атанған 11 өнерпазға конкурстың арнайы жүлделері мен қаржылай сыйақылардың сертификаттары берілді. Олар:

1. «Жамбыл облысы әкімінің» арнайы жүлдесі және 300 000 теңгенің сертификат иегері Бектас Ұлсая Асанқызы - Шымкент қаласы;

2. Кенен Әзірбаев ұрпағының арнайы жүлдесі мен Ноутбук сыйлығының иегері Көштаев Бекарыс Жәнібекұлы - Жамбыл облысы, Байзақ ауданы;

3. Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының арнайы жүлдесі мен 100 000 теңгенің сертификат иегері Жәкіш Фархад Сұңғатұлы - Нұр-Сұлтан қаласы;

4. Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының» арнайы жүлдесі мен 100 000 теңгенің сертификат иегері Айдос Саниязбекұлы - Семей қаласы;

5. Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының арнайы жүлдесі мен 100 000 теңгенің сертификат иегері Нұртуған Ұлдана Нұртуғанқызы - Қызылорда қаласы;

6. «Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына» арналған арнайы жүлдесі мен 100 000 теңгенің сертификат иегері Қайржанова Гүлбағым Шакидуллақызы - Атырау қаласы;

7. «Көне Тараз» арнайы арнайы жүлдесі мен 100 000 теңгенің сертификат иегері Мырзагелді Гүлжан Сапаржанқызы - Талдықорған қаласы;

8. «Күміс көмей» арнайы жүлдесі мен 100 000 теңгенің сертификат иегері Смайл Мөлдір Хуандахқызы - Нұр-Сұлтан қаласы;

9. «Жас үміт» арнайы жүлдесі мен 100 000 теңгенің сертификат иегері Таңнұр Мәнура – ҚХР;

10. «Жас дарын» арнайы жүлдесі мен 100 000 теңгенің сертификат иегері Оңғарбай Айдос Нұржанұлы - Нұр-Сұлтан қаласы;

11. «Көрермен көзайымы» арнайы жүлдесі мен 100 000 теңгенің сертификат иегері Ысқақов Жұлдыз Маратұлы - Алматы қаласы.

Өнерпаздар көне Таразға саяхат жасап, Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейімен, «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенімен, Қарахан және Айша Бибі кесенелерімен, Тектұрмас кешенімен танысты.

Конкурс телевизиялық үлгіде және Жамбыл облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының, К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әлеуметтік парақшалары арқылы тікелей эфирлерде көрсетілді. Алдағы уақытта іс-шара облыстық және республикалық БАҚ-та, жергілікті телеарналар мен «Abai tv» мәдени-ағартушылық телеарнасында, филармонияның ютуб арнасында насихатталады.