КГКП "Жамбылская областная филармония имени Кенена Азербаева" управления культуры и развития языков акимата Жамбылской области

Адрес

г. Тараз, ул. Толе би, 89

Контактный Телефон

+7 (7262) 34-29-59

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

Главная / Медиа / Новости / Республикалық онлайн мәнерлеп оқу байқауы мәресіне жетті

Республикалық онлайн мәнерлеп оқу байқауы мәресіне жетті

Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай басқармаға қарасты Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығы өзге ұлт өкілдері арасында Жамбыл жырларын мәнерлеп оқудан байқау ұйымдастырды.

Байқау ағымдағы жылдың 21-сәуірінде бастау алып, 28-мамыр күні мәресіне жетті.

Байқау ережесіне сәйкес үміткерлер екі кезең бойынша, яғни Жамбыл жырларын қазақша мәнерлеп оқу және қазақтың халық әндерін немесе халық композиторларыны әндерін нақышына келтіре орындап, бейнероликтер әзірлеп бақ сынады.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай қатысты. Ол өз сөзінде:

-Жамбыл бабамыздың 175 жылдығы күллі қазақстандықтар үшін мерейлі мереке. Ал оны дүркіретіп өткізуге үлес қосу баршамыздың парызымыз,- деп атап өтіп, жүлдегерлер мен жеңімпаздарға шығармашылық табыс тіледі.

Марапаттау рәсіміне үміткерлердің ішінен жақын маңайда тұратын жеңімпаздар шақырылып, алыс өңірлерден қатысқан үміткерлер онлайн платформада тікелей эфирде тамашалады.

Байқауға өтінім берген қатысушылардың өнерін Қазақстанның Құрметті журналисі Қалыбек Атжан, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, әдебиетші ғалым Сейсекүл Исматова, мәдениет қайраткері, әнші Оңал Азаматова бағалады.

Байқау нәтижесі төмендегідей:

Бас жүлде - Бейсембаева Екатерина Николаевна, Шығыс Қазақстан облысы, Шемонайха ауданының Мәдениет үйінің әртісі, орыс ұлтының өкілі (30 жас)

I орын - Крамаренко Кристина Викторовна, «Алатау» дәстүрлі өнер театры, «Армандастар» ансамблінің мүшесі, зағип мүгедегі, орыс ұлтының өкілі (30 жас)

II орын - Алеханова Мухаббат Бахытқызы, Жамбыл обылы, Жамбыл ауданы, аудандық «Шұғыла» газетінің журналисі, ұйғыр ұлтының өкілі (29 жас)

III орын - Заббарханов Миркомол Миркодирович, Шымкент қалалық өзбек драма театрының әртісі, өзбек ұлтының өкілі (32 жас).