КГКП "Жамбылская областная филармония имени Кенена Азербаева" управления культуры и развития языков акимата Жамбылской области

Адрес

г. Тараз, ул. Толе би, 89

Контактный Телефон

+7 (7262) 34-29-59

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

Главная / Медиа / Новости / Республикалық фольклорлық ансамбльдер конкурсы өтті

Республикалық фольклорлық ансамбльдер конкурсы өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен жыр алыбы Ж.Жабаевтың 175 жылдығына орай Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен «Көне Тараз күмбірі» ІІ Республикалық фольклорлық ансамбльдер конкурсы 2021 жылғы 13 қазан күні Тараз қаласы «Баласағұн» ОКЗ-да облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының ұйымдастыруымен өтті.

Іс-шараның мақсаты: «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен жыр алыбы Ж.Жабаевтың 175 жылдығын паш ету, қазақстандық композиторлардың туындыларын жаңғырту, фольклорлық ұжымдармен тәжірбие алмасу, жас шығармашылық топтар мен әнші-термешілерді таныту, шеберліктерін шыңдау.

Қазылар алқасының құрамында елімізге белгілі өнер шеберлері мен дәстүрлі әншілер болады. Республикалық конкурста үміткер ансамбльдер 3 шығарма орындады: 1) «Көне Тараз күмбірі» I Республикалық конкурстағы партитуралар жинағына енген бір күйді; 2) Жамбыл өңіріне арналған жаңа 1 ән, Ж.Жабаевтың шығармашылығынан 1 номер; 3) Өз өңірінің 1 күйін не әнін орындайды.

Конкурсқа Қызылорда облысынан «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі, Түркістан облысы Сайрам ауданынан «Ақсу» фольклорлық ансамблі, Павлодар қаласынан «Аль – Аки» халық фольклорлық ансамблі, Нұр-Сұлтан қаласынан «Астана сазы» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі, Шығыс Қазақстан облысынан «Бәйге» этно-фольклорлық ансамблі, Батыс Қазақстан облысынан «Бәйтерек сазы» фольклорлық ансамблі, Қызылорда қаласынан «Дидар» халықтық фольклорлы-этнографиялық ансамблі, Қызылорда облысы Жалағаш ауданынан «Жігер» этно-фольклорлық ансамблі, Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданынан «Қарағайлы» фольклорлық ансамблі, Алматы облысынан «Құлансаз» фольклорлы-этнографиялық ансамблі, Алматы қаласынан «Саржайлау» фольклорлы-этнографиялық ансамблі, Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданынан «Сұлу саз» халықтық ән-би ансамблі, Жамбыл облысы Тараз қаласынан «Алатау» фольклорлық ансамблі, «Көне Тараз» фольклорлық ансамблі, Жамбыл ауданынан «Аса сазы» фольклорлық ансамблі мен «Әулиеата» фольклорлық ансамблі, Байзақ ауданынан «Шолпан» халықтық ән-би ансамблі, Шу ауданынан «Әсем әуен» фольклорлық ансамблі, жалпы 18 фольклорлық ансамбль қатысты.

Конкурста Көне Тараз бен Жамбыл өңірін суреттейтін жаңа әндерден «Жамбылым – ән бесігім» атты партитуралар жинағының тұсауы кесілді. Жинақтың ішінде қосымша №1CD – әндердің mp3 нұсқасы мен №2 CD – әндердің электронды ноталық нұсқасы мен ән мәтіндері енді.

Жинаққа Төлеубай Үркімбаевтың әні мен сөзімен жазылған «Жамбыл - бұлақ», Серғали Мырзабаев пен Тілеген Ормаштың әні мен сөзіне жазылған «Әулиеата,Таразым», Жасқайрат Орынбаев пен Айбек Оралқановтың әні мен сөзіне жазылған «Жыр - Жамбыл», Бауыржан Ақтай мен Жамбыл Жабаевтың әні мен сөзіне жазылған «Қайта келген жастық шақ», Медет Салықов пен Тілеукен Әлжекеевтің әні мен сөзіне жазылған «Таразым», Ләззат Қажығалиева мен Күләш Ахметованың әні мен сөзіне жазылған «Жұлдызым Жібек жолы бойындағы», Нартай Бекежанов пен Мұхтар Ниязовтың әні мен сөзіне жазылған «Таразға арнау», Руслан Бурабай мен Әсет Шілдебаевтың «Таразым», Серік Бабаханов пен Мұрат Тастағановтың «Тараз шуағы», Жолдасхан Құрамысов пен Рәтбек Терлікбаевтың «Жамбыл Ата елі», Кентау Назарбек пен Қайрат Бейсембаевтың «Таразым», Болатқали Әмірханов пен Дулат Шідериннің «Қазақтың жерұйығы», Жандос Омаров пен Арасанбай Естенов «Жерұйығым - Жамбылым», Айтмұхамбет Исақовтың «Ащыбұлақ ауылым», Аман Малдыбаевтың «Жамбыл жері», Аман Молдыбаевтың «Жамбыл кештері», Дүйсенәлі Бықыбаев пен Кәріпжан Нүсіптің «Туған жер - тал бесігім», «Жамбыл мен Бұрымның айтысы» атты туындылар енді.

Қазылар алқасының құрамында:

Төраға:

Жүдебаев Арман Әділханұлы - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының ректоры;

Мүшелері:

Әшіров Нүркен Нұрғалиұлы - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Президентінің Мемлекеттік степендиясының иегері, Тұңғыш Президент Елбасы Қоры сыйлығының лауреаты, күйші, композитор, дирижер, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы, Домбыра кафедрасының (Халық музыкасы факультеті) аға оқытушысы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернаты» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры;ü

Еділ Құсайынов – «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медальдерінің иегері, Мәдениет қайраткері, этно-фольклоршы;ü

 Шолпан Қорғанбек – Мәдениет қайраткері, «Қорқыт» этно-фольклорлық тобының көркемдік жетекшісі.ü

Конкурста өнер көрсеткендері үшін 11 ансамбльге Алғыс хаттар мен 100 000 теңге қаржылай ынталандыру сыйақысы, естелік сыйлықтар берілді. Олар:

1. «Шолпан» халықтық ән-би ансамблі. Көркемдік жетекшісі: Сәуле Сүйенішбекова. Жамбыл облысы, Байзақ аудандық;

2. «Ақсу» фольклорлық ансамблі. Көркемдік жетекшісі: Серікбаева Жанат Айтмұратқызы. Түркістан облысы, Сайрам ауданы;

3. «Сұлу саз» халықтық ән-би ансамблі. Көркемдік жетекшісі: Абуғазин Қанат Қазенұлы. Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы;

4. «Жігер» этно-фольклорлық ансамблі. Көркемдік жетекшісі: Бурабай Руслан Әлібекұлы. Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы;

5. «Әулиеата» фольклорлық ансамблі. Көркемдік жетекшісі: Дулат Байзілдаев. Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы;

6. «Саржайлау» фольклорлы-этнографиялық ансамблі. Көркемдік жетекшісі: Төлен Қайырғазы Әшімбекұлы. Алматы қаласы;

7. «Қарағайлы» фольклорлық ансамблі. Көркемдік жетекшісі: Ильяшева Гүлмира Бақдәулетқызы. Шығыс Қазақстан облысы, Бородулиха аудан;

8. «Көне Тараз» фольклорлық ансамблі Көркемдік жетекшісі: Рысметов Ержан Ходжабергенұлы. Тараз қаласы;

9. «Бәйтерек сазы» фольклорлық ансамблі. Көркемдік жетекшісі: Туресаева Алуа Гагаринқызы. Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы;

10. «Әсем әуен» фольклорлық ансамблі. Көркемдік жетекшісі: Әуесхан Келгенбаев. Жамбыл облысы, Шу ауданы;

11. «Аса сазы» фольклорлық ансамблі. Көркемдік жетекшісі: Индира Кадралиева. Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы.

ІІІ орын - лауреат белгілері және 200 000 теңгенің сертификат иегерлері:

1. «Бәйге» этно-фольклорлық ансамблі. Көркемдік жетекшісі: Серіков Әділет Серікұлы. Шығыс Қазақстан облысы;

2. «Дидар» халықтық фольклорлы-этнографиялық ансамблі. Көркемдік жетекшісі: Наку Мирманов. Қызылорда қаласы;

3. «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі. Көркемдік жетекшісі Нұрғиса Нұрбай. Қызылорда қаласы

ІІ орын - лауреат белгілер және 400 000 теңгенің сертификат иегерлері:

1. «Аль – Аки» халық фольклорлық ансамблі - Павлодар облысы, Павлодар қаласы. Көркемдік жетекшісі: Орынбаев Жасқайрат Қайдарұлы;

2. «Алатау» фольклорлық ансамблі – Жамбыл облысы. Көркемдік жетекшісі: Дастан Көреген.

І орын - лауреат белгісі және 500 000 теңгенің сертификат иегері: «Астана сазы» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі. Көркемдік жетекшісі: Бауыржан Ақтаев. Нұр-Сұлтан қаласы.

Бас жүлде – лауреат белгісі және 700 000 теңгенің сертификат иегері: «Құлансаз» фольклорлы-этнографиялық ансамблі. Көркемдік жетекшісі: Жалбыров Марат Иманбайұлы. Алматы облысы.