КГКП "Жамбылская областная филармония имени Кенена Азербаева" управления культуры, архивов и документации акимата Жамбылской области

Адрес

г. Тараз, ул. Толе би, 89

Контактный Телефон

+7 (7262) 34-29-59

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

Главная / Медиа / Новости / Жамбылдық өнер шеберлері Жетісу төрін шаттыққа бөледі

Жамбылдық өнер шеберлері Жетісу төрін шаттыққа бөледі

8 қараша күні Алматы облысындағы Жамбыл облысының мәдени күндері аясында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бастамасымен, К. Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының "Жаңарған Жамбылдан — жерұйығы Жетісуға!" атты мерекелік концерті Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрында өтті. Өнер ұжымына көрермендер ықыласы зор болып, Алматы облысы әкімінің Ықылас гүлі тарту етілді. Өнер керуені Түркістан облысында 13 қарашада жалғасын таппақ. Филармония ұжымына шығармашылық табыстар тілейміз!