Тәуелсіздік бәрінен қымбат!
9 желтоқсан күні «Баласағұн» ОКЗ-да К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының «Тәелсіздік күні» мерекесі қарсаңында «Тәуелсіздікке тарту» атты концерттік бағдарламасы өтті.
Бағдарламада: Қазақ ұлт аспаптар оркестрі, «Алатау» фольклорлық ансамблі, «Ақкербез» және «Айша Бибі» би ансамбльдері, «Кәусар» вокалдық ансамблі, «Балауса» циркі, «Тараз» триосы және дәстүрлі-эстрадалық әншілер өнер көрсетті.
«Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз және ол бәрінен қымбат! Біздің міндетіміз – кейінгі ұрпаққа кемел және қуатты Қазақстанды аманаттау», – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
Биыл, көк байрағы желбіреген, ынтымағы мен бірлігі жарасқан Қазақ елінің Тәуелсіздігіне - 30 жыл. Осынау жылдар аясында елімізде мәдениет пен өнер саласын дамыту жолында Кенен Ата филармониясының бағындырған асулары аз емес.
Өнер ұжымына шығармашылық табыстар тілейміз!