Облыс әкімі мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттады
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов 21 мамыр - мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты жиынға қатысып, сала қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.
Жуалы ауданы Талапты ауылы Ш.Мұртазаның әдеби-мемориалды музейінің аумағында өткен шара барысында ұлттық спорт ойындар, көрме, театрландырылған көрініс және концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды.
Жалпы, ағымдағы жылы облыстың мәдениет саласына 11,9 миллиард теңге бөлініп, 14 нысанның құрылысы және 4 нысанда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, мәдениет үйлеріне қосымша 94 штат беріліп, 143 үйірме ашылды.
Шара концерттік бағдарламаға, тартысты ұлттық спорттар жарысына ұласты.