Әулиеатаны Алатаудың әуендері тербеді
7 қарашада «Баласағұн» ОКЗ-да Тараз жұртшылығына Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты «Алатау» әуендері концерттік ұйымының «Ән бесігі – Алатау» атты концерті ұсынылды. Концертте «Құлансаз» фольклорлық-этнографиялық ансамблі, «Келбет» триосы және би ұжымы мен әншілері өнер көрсетті. Өнер ұжымына К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының директоры С.Түктібаевтың Алғыс хаты табыс етілді.



08 Нояб 2023
335
26 Апр 2019