Рахмет саған, туған ел!
20 қараша күні Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, Облыстық Халық Шығармашылығы Орталығының ұйымдастыруымен өткен композитор Ә.Салабеков атындағы «Рахмет саған, туған ел» атты облыстық әншілер байқауында филармония майталмандары: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асылхан Шүңіреков пен Мәдениет саласының үздігі Маралбек Бабақұлов қазылық етіп, кіл жүйріктерді анықтауға атсалысты. Жеңімпаз жастарды құттықтаймыз!