КГКП "Жамбылская областная филармония имени Кенена Азербаева" управления культуры, архивов и документации акимата Жамбылской области

Адрес

г. Тараз, ул. Толе би, 89

Контактный Телефон

+7 (7262) 34-29-59

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

Главная / Медиа / Новости / «Төрлет, наурыз, төріме» атты айтыскер ақындардың командалық айтысы өтті

«Төрлет, наурыз, төріме» атты айтыскер ақындардың командалық айтысы өтті

15 наурызда Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде, Ұлыстың ұлы күні Әз-Наурыз мерекесіне арналған «Төрлет, наурыз, төріме» атты Түркістан облысы мен Жамбыл облысы айтыскер ақындарының командалық айтысы өтті. Айтысқа Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қатысып, көрермен қауымды мерекемен құттықтады.

Сонымен қатар, Жамбыл облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай облыс әкімінің құттықтау сәлемін жеткізді. Аламан бәйгені Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтаев жүргізді.

Дүбірлі додада қос өңірдің ақындары айтыстың түре, сүре, қайым, қыз бен жігіт айтысы жанрларында сынға түсті. Сондай-ақ, жыршылар мен термешілер, дәстүрлі әншілер мен күйшілер іс-шараның көрігін қыздырды.