18 наурыз - Ұлттық киім күні
Ұлттық киім – кез келген халық мәдениетінің ажырамас бөлшегі. Бұл жай ғана киім емес, бүтін ұлттың өткенінің өрнегін, бет-бедерін айқындар ұлан-ғайыр тарих.
Ұлттық киімімізді ұлықтау арқылы халықты елдік құндылықтарға жақындата түсеміз.
Сондықтан халқымыз ұлттық киімді Наурыз мейрамында я болмаса басқа мерекелерде ғана емес, жиі киіп жүрсе жарасымды болатыны сөзсіз.