КГКП "Жамбылская областная филармония имени Кенена Азербаева" управления культуры и развития языков акимата Жамбылской области

Адрес

г. Тараз, ул. Толе би, 89

Контактный Телефон

+7 (7262) 34-29-59

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

Главная / Медиа / Новости / «Абыз күйші - Әбдімомын» атты танымдық кеш өтті

«Абыз күйші - Әбдімомын» атты танымдық кеш өтті

7 маусымда Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен «Абыз күйші - Әбдімомын» атты танымдық кеш Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығында Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы өнерпаздарының қатысуымен өтті.

Аталған шараға «Қазақ соқырлар қоғамы» мүшелерімен Жамбыл облыстық әлеуметтік оңалту орталығының қызметкерлері қатысты.

Шара барысында «Парасат», «Құрмет», «Достық» ордендерінің иегері, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, күйші – композитор Әбдімомын Желдібаевты еске алуға арналды.

Қос ішектің күмбірімен күй әлемінде өзіндік қолтаңбасымен өзіндік леп әкелген талантты күйші композитор Әбдімомын Желдібаевтың Жамбыл жеріне арнаған «Әулиеата» күйімен басталып, автордың тағы да басқа күйлері «Жарылғап батыр», «Толғау» және абыз күйшінің шығармаларының ішіндегі ел сүйіп тыңдайтын «Ерке сылқым» күйлерін Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармония күйшілері орындаса, Мәдениет саласының әртісі Жанатбек Қадіров «Қызыл гүлім қызғалдағым» әнін орындаса, шоқтығы биік шығармаларының бірі «Бәйдібектің жайлауы» атты әнін Мерей Абуева орындады.