КГКП "Жамбылская областная филармония имени Кенена Азербаева" управления культуры и развития языков акимата Жамбылской области

Адрес

г. Тараз, ул. Толе би, 89

Контактный Телефон

+7 (7262) 34-29-59

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

Главная / Медиа / Новости / «Көне Тараз күмбірі» конкурсы мәресіне жетті

«Көне Тараз күмбірі» конкурсы мәресіне жетті

2024 жылдың 14 маусымы күні Тараз қаласында «Баласағұн» орталық концерт залында Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен облыстың 85 жылдығы және Кенен Әзірбаевтың 140 жылдығына арналған «Көне Тараз күмбірі» ІІІ Республикалық фольклорлық ансамбльдер конкурсы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының ұйымдастыруымен өтті.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы Лесбек Құралбайұлы Илебаев жеңімпаздарды құттықтап марапаттады.

Конкурсқа 12 ансамбль қатысты. Өнер көрсеткендері үшін 7 ансамбльге Алғыс хаттар және 150 000 теңге қаржылай ынталандыру сыйақылары беріледі: «Алаш» этно-фольклорлық ансамблі - Орал қаласы; «Бәйтерек» фольклорлық ансамблі - Батыс Қазақстан облысы; Өрлеу» фольклорлық ансамблі - Жамбыл облысы, Сарысу ауданы; «Аса сазы» фольклорлық ансамблі - Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы; «Меркі әуендері» ансамблі - Жамбыл облысы, Меркі ауданы; «Әсем әуен» фольклорлық ансамблі - Жамбыл облысы, Шу ауданы; Шолпан» халықтық ән-би ансамблі - Жамбыл облысы, Байзақ ауданы.

ІІІ орын - лауреат белгілері және 500 000 теңгенің сертификат иегерлері: «Bastau» фольклорлық ансамблі – Батыс Қазақстан облысы, «Қобыз сарыны» этнографиялық фольклорлық ансамблі - Алматы облысы.

ІІ орын - лауреат белгісі және 600 000 теңгенің сертификат иегері: «Ақсу» фольклорлы халықтық ансамблі - Түркістан облысы.

І орын - лауреат белгісі және 800 000 теңгенің сертификат иегері: «Науалы саз» ансамблі - Маңғыстау облысы.

Бас жүлде – лауреат белгісі және 1 000 000 теңгенің сертификат иегері: Қазақ елі» этно тобы - Жамбыл облысы.

Конкурстың төрағасы:

1. Айсын Жексен Қуанұлы - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық халық аспаптар оркестрінің дирижері;

Конкурстың қазылар құрамы:

2. Бегендіков Жалғасбек Әмірханұлы - Қазақстанның еңбек сіңірген артісі, «Құрмет» орденінің иегері, Нұрғиса Тілендиев атындағы «Отырар сазы» Қазақ мемлекеттік академиялық фольклорлық этнографиялық оркестрінің дирижеры, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының профессоры;

3. Рысметов Ержан Ходжабергенұлы — Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, күйші-композитор;

4. Омаров Жандос Әскербекұлы – ҚР Мәдениет саласының үздігі, әнші-композитор.

Іс-шарада қонақтар облыстық «Жамбыл» өлкетану музейінің жылжымалы көрмесін тамашалады.