КГКП "Жамбылская областная филармония имени Кенена Азербаева" управления культуры и развития языков акимата Жамбылской области

Адрес

г. Тараз, ул. Толе би, 89

Контактный Телефон

+7 (7262) 34-29-59

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

Главная / Медиа / Новости / «Домбыра – дастан» атты домбыра рarty өтті

«Домбыра – дастан» атты домбыра рarty өтті

5 шілде күні «Баласағұн» ОКЗ-да ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – дастан» атты домбыра рarty Жамбыл облысының 85 жылдығы мен К.Әзірбаевтың 140 жылдығы аясында өтті.

Айтулы мерекеде ұлтымыздың символы болған киелі домбыра дәріптеліп, ән-күйлеріміз орындалды.

Мерекеге орай «Аманат» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Бейсенқұлов Дауыл Ынтықбайұлы мен Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мадиева Сара Қабылбекқызының құттықтауы жолданды.

Өнер көрсеткендер: К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының Ұлт аспаптар оркестрі және көркемөнерпаздар, Мадина Бердиярова, Бақыт Шағырбаев, Жақсылық Тілеубеков, «Жамбыл» триосы, Нұргүл Абдрашова, Оңал Азаматова, Айгүл Мақашова, Маралбек Бабақұлов, Жанатебк Кәдіров, Гүлжан Шәріпхан, «Кәусар» вокалдық ансамблі және «Қарақат» мектеп студиясының «Әсем әуен», «Ұлытау» домбырашылар ансамблі. Домбыра рarty-дың дирижері: Мәдениет саласының үздігі Дулат Байзілдаев.

Ұлттық домбыра күніне орай Жамбыл ауданының өнерпаздары жолдаған челлендж қабыл алынып, челенджді облыстық филармония ұжымы ары қарай күйші-композитор, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Әшіров Нұркен Нұрғалиұлына жолдады. Іс-шара көк байрағымыздың шеруімен Құрманғазының «Серпер» күйімен басталып, Құрманғазының «Сарыарқа» күйімен аяқталды.

Ұйымдастырушылар: «Аманат» партиясы, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы.

Домбыра рarty-ға облыстық филармония әртістері, «Мәміле» қазақ тілді пікірталас клубы жобасына қатысушылар, Қымбатты көпшілік, бүгінгі домбыра патиға К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әртістері, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық «Жамбыл дарыны» орталығының, «Қарақат» мектеп студиясының өнерпаздары, барлығы 120 өнерпаз қатысты. Ал «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері еліміздің көк туына құрмет көрсетіп, мерекеге сән қосты.