Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы" КМҚК

Мекенжай

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Ұжым / Өнер ұжымдары / Қазақ ұлт аспаптар оркестрі

Қазақ ұлт аспаптар оркестрі

К.ӘЗІРБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫНЫҢ

ҚАЗАҚ ҰЛТ АСПАПТАР ОРКЕСТРІНІҢ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ  ЕҢБЕК ЖОЛЫ

Өңіріміздің ұлтттық өнерінің жанашыры ретінде ел ішіндегі өнерпаздардың өсуіне қолдау танытып, халқымыздың бай қазынасы – дәстүрлі өнерді насихаттау мақсатында 2011 жылдың сәуір айынан бастап Жамбыл облысының әкімінің қолдауымен Жамбыл облыстық филармониясы жанынан Қазақ ұлт аспаптар оркестрі құрылды.

Оркестрдің 2012 жылдың 18 қазанда Тараз қаласында бір жылдық мерей тойы аталып өтті. Айтулы мерекеде КСРО және ҚР Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қазақтың бұлбұл әншісі Бибігүл Төлегенова, Астана қаласы мемлекеттік филармониясының Қазақ Халық аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижеры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Айтқали  Жайымов, сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан және Атырау облыстық филармонияларының бас дирижерлары Есіркеп Жолдасов, Орақ Жауыров және т.б. өнер көрсетті.

Оркестрдің құрамында 50 кәсіби музыкант қызмет жасайды. Репертуарында 300-ден астам шығарма бар. Кәсіби шеберліктері концерттер мен фестивальдерге, конкурстарға қатысу арқылы шыңдалады.

Көркемдік жетекшісі Дулат Байзілдаев, дирижерлары ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мұхтарбай Рахманқұлов, Айдос Мендалиев. Ал 2021 жылдың маусымынан бастап көркемдік жетекшісі әрі дирижері Дулат Байзіладев.

Бірқатар домбырашылар өнер табыстары үшін ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің, облыс әкімінің, облыстық мәдениет басқармасының «Алғыс хаттарымен» марапатталды.

Оркестр құрылғаннан бергі бір жыл ішінде Астанада өткен ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ұйымдастырылған мерекелік шарада өнер көрсетіп айтулы шараға өз үлесін қосты. Елбасы Н.Назарбаевтың Жамбыл облысына келген ресми сапарында салтанатты жиында өнер көрсетіп, ризашылығына бөленді. Бұл шығармашылық ұжым облыс көлемінде ұйымдастырылып жүрген мәдени-саяси іс-шараларда, Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 80 жылдық мерей тойында өнер көрсетті. Комозитор ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әбдімомын Желдібаевтың 75 жасқа толған мерейтойында мерейтой иесінің шығармаларын жоғары деңгейде орындап, үнтаспаға басып шығаруға еңбек етті.

«Бабалар сазы», «Бабадан қалған күмбір күй», мектеп оқушыларына арналған «Танымдық концерттер», Халық музыкасының кештерін қала, облыс аудан орталықтарында қойып, үлкен ризашылыққа бөленді. Алматы қаласының Орталық концерт залында «Елден сәлем» атты концертін беріп, «Мәдениет» арнасына бейнетүсірілімге түсті.

2014 жылдың 1 сәуірінде,  2015 жылдың 14 маусымында Алматы қаласы «Хабар» агенттігінің жанынан ашылған «Білім және Мәдениет» телеарнасында дәстүрлі өнердің даралығын танытар «Ғасырлар пернесі» бағдарламасында концерттік бағдарламаларын түсірді.

2017 жылы 26 шілдеде «ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне» орай амфитеатр сахнасында Жамбыл облысының күндері шеңберінде «Әулиеата әуендері», 28 шілдеде «Қазанат» қалалық ипподром аумағындағы Этно ауылда «Күй керуені» атты концерттерін берді.

Облыстық білім басқармасының ықпалымен 170 беттен тұратын «Алматы кітап» баспасынан басылып шыққан туған өлкенің қалыптасуы мен дамуын жан-жақты сипаттайтын тарихи, географиялық, мәдени, табиғи және басқа да мазмұндамасы туралы жас ұрпақтың танымдық білімдерін тереңдетіп, елдік құндылықтарды қастерлеп, құрметтеуге бағытталған Жалпы орта білім беретін мектептің «Өлкетану» оқулығына оркестрдің еңбек жолы енгізілді (2018).

«Қазанат» қалалық ипподромының аумағындағы «Этно ауыл» ұлттық-мәдени кешені мен Есіл өзенінің жағалауындағы Амфитеатрды Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына орай «Жаңарған Жамбылдан - асқақтаған Астанаға!» атты мерекелік концертте өнер көрсетті (13.07.2018).

Алматы қаласында Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің ұйымдастыруымен өткен «Қажығалиев әлемі» атты апталыққа оркестрдің бас дирижеры Адай Жұмат пен дирижер Мұхтарбай Рахманқұлов қатысып, шеберліктерін шыңдады (26-27.02.2018).

ОХШО ұйымдастырған күйші-композитор Әбдімомын Желдібаевтың Дидар Басықараев қатысып, сертификат иеленді (30.03.2018).

Бірқатар әртістері Астана қаласында Елбасының қатысуымен өткен «Ұлттық домбыра күні» мерекелік іс-шарасында өнер көрсетті (2018).

Жамбыл облысы әкімінің қолдауымен өткен «1 шілде – Ұлттық домбыра күніне» арналған «Домбыра – думан» атты облыстық домыбара патиде Ерболат Әлімқұл І орынды, Асқар Жанұзақ ІІ орынды иеленді (02.07.2018).

Оркестр Астана қаласындаАстана қаласының 20 жылдығына орай «Жаңарған Жамбылдан - асқақтаған Астанаға!» атты мерекелік концерттерге қатысты (13.07.2018).

Облыстық филармонияның 50 жылдығына орай шыққан «Әуені әсем Әулиеата» үнтаспасына шығармалары енді (2018).

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалаларын ілгерілету, дәулескер күйші Ықылас Дүкенұлының күйлерін кеңінен насихаттап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу, жастарды қобыз аспабында шебер ойнауға бейімдеу мақсатында облыс елді-мекендерінде шеберлік сағаттар өткізіп, «Жез киік» атты облыстық қобызшылар коннкурсын ұйымдастырды (2018).

«Баласағұн» ОКЗ-да ҚР Тәуелсіздік күніне орай қазақ ұлт аспаптар оркестрінің бас дирижеры Адай Жұматтың «Тәуелсіздік толғауы» атты шығармашылық концерті берілді (13.12.2018).

Қарағанды қаласында өтетін Тәттімбет Қазанғапұлы атындағы халық аспаптарында орындаушылардың VII Республикалық конкурсына домбырашылар Дидар Басықараев пен Дінмұхамедәлі Құрманбай қатысып, дипломант атанды (07-09.11.2018).

«Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ «Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыру мақсатында Ақтөбе қаласының 150 жылдығы, Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының 75 жылдығына орай «Жұбановтар әуені - 2019» Халықаралық ұлт аспаптар оркестрлер және ансамбльдер фестиваль-байқауына филармонияның қазақ ұлт аспаптар оркестрі қатысып ІІ орын, бас дирижері Адай Жұмат «Үздік дирижер» номинациясын иеленді (28-29.04.2019). Рауан Әбілқасымов, Қазыбек Молдыбаев және Дана Байзілдаева Ықылас Дүкенұлы атындағы «Жез киік» облыстық қобызшылар конкурсының лауреаты, дирижер Адай Жұмат «Үздік Әулиеата үміті» атты облыстық жастар сыйлығының «Үздік жас музыкант» номинациясының иегері атанды (2019).

Қызылорда қаласында «Ұлттық домбыра күніне» орай өткен «Ғасырлар пернесі» атты Республикалық онлайн күйшілер байқауына оркестр әртісі Рауан Жексенбі қатысып, ІІ орынды иеленсе, Асқар Жанұзақов дипломант атанды (03.07.2020).

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының ұйымдастыруымен КСРО Халық әртісі Нұрғиса Тілендиевтің 95 жылдығына арналған «Әлқисса» фестивалі аясындағы өткен домбырашылар мен әншілердің Республикалық онлайн байқауында «Домбыра» номинациясы бойынша Рауан Жексембі өнер көрсетіп, ІІІ орын иеленді (09.09.2020).

Нұрғиаса Тілендиевтің 95 жылдығы мен шығармашылыған насихататуға арналған «Өз елім» атты Республикалық онлайн конкурсы «Күй тарту» номинациясы бойынша ұйымдастырылып, жеңімпаздар оркестрдің онлайн концерттерінде өнер көрсетті (03-23.04.2020).

Оркестр Жамбыл облысының 80 жылдығына орай өткен іс-шараларда, К.Әзірбаев ескерткішінің ашылуында (2019), «Көне Тараз» тарихи – этномәдени кешенінің ашылуында (2019), «Домбыра» стелласының ашылуында өнер көрсетті (2020). Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінің маңындағы «Әуендер әлемі» аллеясына оркестр дирижеры Мұхтарбай Рахманқұловтың есімі енді.

Өнер ұжымы облыс көлемінде ұйымдастырылып жүрген мәдени-саяси іс-шараларда, мерейтойларда, композитор ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әбдімомын Желдібаевтың «Күмбірле күйім елімде» атты өнер кешінде, «Бабалар сазы», «Бабадан қалған күмбір күй» танымдық концерттерде, ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра дастан - 2020», Абай Құнынбайұлының 175 жылдығына орай «Желсіз түнде жарық ай», «Бабалар үні», «Әулиеата әуендері», «Әулиеата төрінде», Н.Тілендиевтің 95 жылдығына арналған «Әлқисса - Нұрғиса» атты телевизиялық концерт-композицияларда өнер көрсетті.

Пандемия жағдайында оркестр әртістері санитарлық ережелердің барлық қажетті талаптарын сақтай отырып, «Домбыра» Ұлттық арнасында және жергілікті телеарналарында концерттік түсірілімдерге, арнайы хабарларға, танымдық бағдарламаларға қатысты. Сонымен қатар, 35 жеке онлайн концерттер ұсынып, республикаға танымал оркестр ұжымдарымен бірлесіп челлендждік жобаларда өнер көрсетті. Өнер табыстары үшін ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің, облыс әкімінің, облыстық мәдениет басқармасының «Алғыс хаттарымен» марапатталды.

Оркестрдің орындауындағы Жамбыл өңірі мен танымал қазақ  композиторларының күйлер үнтаспаға басылып, халыққа кеңінен насихатталуда.