Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының "Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы" КМҚК

Мекенжай

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Филармония / Директор орынбасарлары

Директор орынбасарлары

К.ӘЗІРБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ,

ҚР МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ ОМАРОВ ЖАНДОС ӘСКЕРБЕКҰЛЫНЫҢ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӨМІРБАЯНЫ

Омаров Жандос Әскербекұлы – 1980 жылы 13 наурызда Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Жақсылық ауылында дүниеге келген, ұлты - қазақ, білімі - жоғары. Қазақстан Республикасының азаматы.

1995-1999 жж. Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің «Жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сыныбында оқыту» мамандығын «үздік» дипломмен бітірген. 1999-2002 жж. Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Педагогика және психология» мамандығы бойынша білім алған. 2004 жылы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын Республикалық институтының педагогикалық зерттеу орталығының «Модульдік интерактивті оқыту технологиясы оқу-тәрбие процесінде» тақырыбы бойынша семинар-практикумының сертификатын иеленген. 2003-2005 жж. Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында педагогика магистрі біліктілігі мен академиялық дәрежесін алған. 2005 жылы ТарМПИ жанындағы Педагог кадрлардың біліктілігін көтеру және қайта даярлау аймақтық орталығында «Шығармашылықпен жұмыс жасаушы педагог кадрларды анықтаудың психологиялық-педагогикалық негіздері», 2006 жылы «Дарынды балалармен жұмыс», 2008 жылы «Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасының шеңберінде компьютерлік сауаттылықтың толық оқу курсы», 2010 жылы «Патриот» Қоғамдық бірлестігінің, 2012 жылы «Жоғарғы оқу орындарында инновациялық технологияларды пайдаланудың өзекті мәселелері» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курстарының сертификаттарын иеленді.

2009-2011 жж. Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Музыкалық білім», 2014-2016 жж. М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандықтарын бітірген.

Ж. Омаров Тараз қаласындағы №42 орта мектепте бастауыш сынып  мұғалімі (02.09.1999-09.09.2002), Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінде «Педагогика және психология» пәндерінің оқытушысы (09.09.2002-29.08.2006), А. Ясауи атындағы ХҚТУ Тараз институтының Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы және «Педагогика» кафедрасының аға оқытушысы (01.09.2006-02.08.2010), Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы және «Педагогика» кафедрасының аға оқытушысы (02.08.2011-31.01.2012), Жамбыл облыстық филармониясында жарты бірлікте әртіс (2006-2012), 2012 жылдың наурыз айының 1 жұлдызынан  бастап Жамбыл облыстық филармониясының көркемдік жетекшісі, 2017 жылдың қазан айының 20 жұлдызынан бастап директордың орынбасары  болып қызмет етіп келеді. Сонымен қатар, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Шығармашылық мамандықтар» факультеті «Мәдени-тынығу жұмысы және хореография» кафедрасының аға оқытушысы, Жамбыл политехникалық колледжінің музыкалық жетекшісі болып қосымша еңбектер атқарды.

Тараз қаласында өткен облыстық Ш.Қалдаяқов атындағы ән байқауының лауреаты (1996), Оңтүстік Қазақстанда өткен Республикалық «Арай» жас орындаушылар ән байқауының лауреаты (2002), Астана қаласында өткен Республикалық «Жас қанат» ән байқауының дипломанты (2002), шығармашыл жастарға арналған Жамбыл облысы әкімі сыйлығының «Театр және өнер» аталымы бойынша лауреаты (2006), Түркістан қаласында өткен Республикалық «Түркістаным – Тұраным» жас сазгерлер байқауының дипломанты (2007), Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат департаменті «Жастар орталығының» ұйымдастыруымен өткен облыстық «Жас Отбасы» конкурсының І орын иегері (2007), Талдықорған қаласында өткен Қазақстан студент жастарының VІІ Республикалық «Жас толқын» фестиваліне «Эстрада» аталымы бойынша шәкірттер тәрбиелегені үшін Алғыс хат иегері (2007), «Қазақстан Республикасы Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасының иегері (2007), Қызылорда қаласында өткен композитор Кеңес Дүйсекеев атындағы І Республикалық «Туған жер» әншілер байқауының дипломанты (2008), Орал қаласында өткен Қазақстан Республикасының Халық әртісі Ескендір Хасанғалиевтің әндерін орындаушылардың Халықаралық «Атамекен» ән фестивалінің дипломанты (2008), Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ұйымдастыруымен өткен облыстық «Ең үздік көшбасшы» жастар конкурсының жүлдегері (2009), «Қазақстан» РТРК Жамбыл облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткен «Алтыншы күннің кешінде» жұлдызды жобасы мен (2009) «Қазақстан-Тараз» телеарнасының 20 жылдығына арналған ретро әндер байқауының лауреаты (2010), Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы» VII Республикалық жастар Дельфийлік ойындарында кәсіби біліктілігі үшін дипломмен марапатталған (2011), «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының Алғыс хат иегері (2011), ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Ұлының ұлттық ұраны: «Бейбітшілік – елімнің мақсат-мұраты» І Халықаралық жастар мен студенттер фестивалінің І орын иегері (2011), ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» облыстық марофон-эстафетасында «Үздік үлестіруші» аталымының дипломанты (2011), «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы «Жас Отан» Жастар қанатының атқарушы хатшысының Алғыс хат иегері (2011), Қалалық «Үлгілі отбасы» байқауының І орын иегері (2012), облыстық «Ұлағатты ұстаздар» фестивалінің лауреаты (2012), КСРО халық әртісі, атақты әнші К. Байсейітованың 100 жылдығына орай өткен ән кешіне белсенді қатысқаны үшін облыс әкімдігі мәдениет басқармасы бастығының Алғыс хат иегері (2012), облыс және республикаға танымал өнер және эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен «Жұлдызды гол» сауықтыру-мәдени іс-шарасын жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін облыс әкімінің Алғыс хатының иегері (2012), «Жамбыл облыстық мәдениет қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының» филиалының Құрмет грамотасының иегері (2012), Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы Алғыс хатының иегері (2012), Таразда өткен Халықаралық «Қаратау сарыны» фестивалінің Алғыс хат иегері (2013), Ұйымдық халықтық тәуелсіз комитетінің «Көшбасшылар» байқауының «Алтын көшбасшы» аталымының иегері (2013), Түркия Ресубликасында өткен Халықаралық өнер фестивалі сертификатының иегері (2013), Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы құрметіне Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының «Этносаралық келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін» естелік белгісімен (2015), Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай облыс әкімінің Алғыс хатын (2016), Облыстық халық шығармашылығы орталығының Алғыс хатын (2016), «Жамбылым – ән бесігім» атты облыстық сазгерлер байқауының ІІІ орын дипломын (2016), «Шашу» Республикалық өнер фестивалінің Алғыс хатын (2017), 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне арналған Жамбыл облысы әкімінің 200 000 теңге сертификатын иеленді (2018), Жамбыл облыстық ҚХА төрағасының орынбасары Маржан Қожаеваның Алғыс хатының иегері (2018), Елордамыз – Астана қаласының 20 жылдығы мерейтойы аясында, Жамбыл облыстық филармониясының 50 жылдық мерейтойына орай, еліміздің мәдениетінің дамуына қосқан зор үлесі үшін ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлының Алғыс хатын иеленді (2018), 16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздігі күні мерекесі қарсаңында Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшысының Алғыс хатын иеленді (2019). АҚШ Елшілігінің қолдауымен өткен Американың заманауи балет труппаларының бірі «Company E» және «Самұрық» Қазақстанның заманауи би театрының шеберлік сағатына қатысып, біліктілігін жоғарлатты (2019). «Шымкент 2020 – ТМД-ның мәдени астанасы» жылы аясында Қазақстан Республикасы Әнұранының авторы, композитор Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» атты эстрадалық әндерді орындаушылардың онлайн-фестиваліне қатысып, Дипломмен марапатталды (2020). 

 «Nur Otan» партиясы ішіндегі «Праймериз-2020» сайлауалды іріктеіне қатысқаны үшін облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды (06.10.2020).

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай өткен «Көне Тараз күмбірі» атты ІІ Республикалық конкурста «Жерұйығым Жамбылым» әні ІІІ орынды иеленіп, Алғыс хатпен марапатталды (13.10.2021).

Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен  «Қазақконцерт» ұйымы жанындағы «Республикалық концерттік-гастрольдік қызмет орталығының» ұйымдастыруымен «Сәлем, Елорда!» ІІ республикалық өнер шеруі өткен «Қазіргі режиссура және актерлік өнер», «Заманауи театрдың даму бағыттары», «Музыкальная режиссура как особый жанр деятельности» және «Музыкалық театрлардағы режиссура ерекшеліктері» тақырыптары бойынша біліктілік көтерілді (24.06.2021).

 «Жандану әлемі» жеке қоры ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Н.Назарбаев қорының қолдауымен Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын мерекелеу барысында Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Бала дауысы» ұлттық балалар ән конкурсының 6-шы маусымының финалы аясында еліміздің 17 өңірінің композиторлары мен ақындары жазған «Бала дауысы – ән бұлағы» жаңа балалар әндері жинағының тұсаукесеріне Ж.Омаровтың қатысып, Алғыс хат иеленді (05.09.2021).

ҚР Білім және ғылым министрлігі М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ұйымдастыруымен өткен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қазіргі заман музыка мұғалімін даярлаудың өзекті мәселелері» атты І Республикалық әдістемелік семинарда ұстаздық кәсіби шеберлік көрсеткені үшін Алғыс хатпен марапатталды (22.11.2021).

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған XVII Республикалық «Елім менің» патриоттық әндер онлайн-конкурсының Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Мәңгілік Ел» номинациясы бойынша «Қазақстан» әні І орынды иеленіп, лауреат атанды (2021).

«Нұр Отан» партиясына 25.11.2014 жылы мүше болып қабылданды (№0933779).

16 желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесіне орай халқы Ассамблеясының 20 жылдығы құрметіне Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының «Этносаралық келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды (2016). 

16 желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесіне орай ҚР Мәдениет және спорт ми нистрлігі тағайындаған «Мәдениет саласының үздігі» белгісімен марапатталды (2018).

Жамбыл облысының 80 жылдығына орай Жамбыл облысы әкімінің 2019 жылғы 11 желтоқсандағы №372-ө өкімі бойынша «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталды (2019).

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі Жарлығы бойынша Омаров жандос Әскербекұлы «Халық алғысы» мерекелік медалімен наградталды (14.12.2020).

Сондай-ақ, Жамбыл облысы әкімінің қолдауымен облыс аудандарының елді-мекендерінде «Аrt-Керуен» мәдени-ағарту жобасы бойынша шығармашылық жұмыстарға белсене араласты (2012). Облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қолдауымен өткен «Art-Miх» өнер семинарында елді-мекендерде дәрістер оқыды (2013). Алматы, Астана, Орал, Ақтөбе, Түркістан, Шымкент қалаларында және Қырғызстан Республикасында өткен гастрольдік концерттерге қатысып, облыстық, қалалық көпшілік  мәдени іс-шараларға, Елбасының Жолдауларын насихаттау шараларына  белсене  атсалысқаны үшін. Таразда өткен музикалық фестивальде жас дарындыларға қолдау көрсеткені үшін (26.01.2019) Алғыс хат иегері. Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде өткен «Білім мен өнердегі хореографияның өзекті мәселелері» атты облыстық Жас хореогрофтарға арналған семинар-тренингке қатысып (20.02.2019) Сертификат иеленді.

2006 жылдың 26 қыркүйегінен бастап Қазақстан авторлары қоғамының мүшесі болып тіркелген.

«Бауырларым» - SD жинағын шығарған (2007 ж.).

2007 жылы «Бауырларым» атты шығармашылық есеп беру кешін өткізген.

2010 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында «Ақ тілегім еліме» шығармашылық есеп беру кешін өткізген.

Ж. Омаровты сазгер ретінде еліне танымал еткен «Ақ тілегім еліме» әндер жинағына топтастырылған туындылары – 55 әні әнсүйер қауымға 2011 жылы ұсынылды. Облысқа, республикаға танымал ақындардың өлеңдеріне жазылған әндерінің тақырыбы сан алуан. Шығармалары радио мен теледидарларда орындалып жүр. Әндері авторлық құқықты иеленіп, үнтаспаларда жарияланған. Қ.Қолқаевтың сөзіне жазылған «Кел, достарым», Б.Қожагелдінің сөзіне жазылған «Анажан», Б.Әліқұловтың сөзіне жазылған «Балапаным-балбұлағым», Ғ.Әлімбекованың сөздеріне жазылған «Анашым», «Қайырлы таң Әулиеата», «Сезім гүлі», М.Көбееваның сөзіне жазылған Р.Боранбаевтың әні «Көңіл сыйла, ғашығым», А.Дүйсенбінің сөзіне жазылған «Жаңа жыл» әндеріне түсірген бейнебаяндары бар.

Ж.Омаровтың әндерін республикамызға танымал эстрада жұлдыздары А.Иманбаева – «Еркелетші», Ә.Сламхан, Д.Маханбаева – «Кел достарым, «Жаңа жыл», Ә.Қалаубаева – «Жан құрбым», Ғ.Мәтебаев – «Аруға», М.Сағынбекова – «Сен екеуміз», Р.Мамытов – «Қазақтың арулары» әндерін т.б. әншілер орындап жүр.

2020 жылы «Ән тарту» атты сахнада 20 жылдық мерейтойлық шығармашылык кеші өтті. Кеште «Ән тарту» атты ән жинағының тұсауы кесілді. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Құттықтау хаты мен Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Алғыс хаты тапсырылды.

«Ютуб» желісінде 3 ән жинағы жарық көрді.

Омаров Жандос Әскербекұлы өзін жоғары ұстанымды, құзіретті маман ретінде қала, облыс көлемінде өтіп жүрген мәдени, саяси-көпшілік іс-шараларға белсене қатысып келеді.

Қызметтік лауазымын еңбек тәртібіне сай сақтай отырып, тапсырылған жұмысты уақытында және сапалы орындайды. Жауапкершілігі мол, ұйымдастыру қабілеті жоғары, өз ісіне тиянақты, компьютерді жетік меңгерген, іс-қағаздарында сауатты жұмыс жүргізе алады. Сценарий жазу мен режуссуралық шеберлігі қалыптасқан. Сахна безендіру, музыкалық монтаж, композиторлық қабілет, актерлық шеберлік, жүргізуші-конферансье және іс-шараларды ннновациялық бағытта қамтамасыз ету басымдықтарына ие.  Кез-келген ортамен тез тіл табыса білетін, білімді, білікті маман.

Отбасын құрған, әйелі, екі қыз, бір ұлы бар.

КЕНЕН ӘЗІРБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ КМҚК ДИРЕКТОРЫНЫҢ

ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ

ЖУМАКЕЕВА КУЛЯИМ АЛИМХАНОВНАНЫҢ

ӨМІРБАЯНЫ

Жумакеева Куляим Алимхановна 02.07.1962 жылы, Жамбыл облысы,  Жамбыл қаласында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 1985-1991 ж.ж. Қарағанды кооперативтік институтының бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметінің анализі мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1980 жылы есепші болудан бастаған. 1983-2000 жылдар аралығында көптеген жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде есепші, аға есепші қызметтерін атқарған.

2000 жылдың 17 шілдесінен бастап Жамбыл облыстық филармониясына бас есепші болып қабылданып 12 жыл осы мекемеде аянбай қызмет жасаған.

2012-2014 жылдар «Керуен» ЖШС бас есепші, 2014-2015 жыл аралығы «Мектеп олимпиадалар және мектептен тыс ісшараларды өткізетін облыстық орталық» мекемесінде бас есепші болып жұмысын жалғастырған.

2015-2017 жылдар Жамбыл облыстық филармониясы КМҚК бас есепші қызметіне қайта қабылданып жұмысын жалғастырды.

2017 жылдың 20 қазанынан бастап Жамбыл облыстық филармониясы КМҚК директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары болып қызметке тағайындалып, қазіргі таңда осы қызметін жалғастыруда.

К.Жумакеева өз ісін жетік білетін тәжірибелі маман. Ұжымда тіл табыса алатын, батыл да байсалды, әділдікті жақтайтын, беделі жоғары қызметкер. Ұйымдастырушылық қабілеті өте жоғары, қиын жағдайда өз бетінше дұрыс шешім қабылдай алатын қызметкер.