Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының "Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы" КМҚК

Мекенжай

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Медиа / Бос орындар / Көркемдеуші – 1 бірлік бос тұрған лауазымына конкурс жариялайды

Көркемдеуші – 1 бірлік бос тұрған лауазымына конкурс жариялайды

Кәсіпорынның атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама  басқармасының «Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Орналасқан жері: пошталық индексі 080000. Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Төле би көшесі №89 үй. Тел. (87262) 34-10-12.

Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыты: Әдебиет және өнер туындыларын көпшілік алдында орындауға және көркемдік ұжымдар мен жекелеген орындаушыларды танымал етуге жағдайлар жасау, халықтың рухани және эстетикалық сұранысын қанағаттандыру, кәсіби көркемдік ұжымдар мен жекелеген орындаушылардың концерттерін ұйымдастыру, көркемдігі жоғары бағдарламалар мен нөмірлер жасаудың жағдайларын қамтамасыз ету, музыкалық-ағартушылық қызметті жүзеге асыру, халыққа музыкалық-эстетикалық тәрбие беру, ҚР заңнама талаптарына сәйкес ақылы қызметтер көрсету болып табылады.

Лауазымдық міндеттері: концерттік ұйымдардың шығармашылық және өндірістік қызметтеріне қатысады, музыкалық немесе хореографиялық ұжымдардың репертуарларын қалыптастыруға қатысады, ноталық материалдарды дайындау бойынша жұмыстарды (музыканы көркемдеуді, ыңғайлауды, транскрипциялауды, өңдеуді) жүзеге асырады, арнайы компьютерлік бағдарламалардың көмегімен музыканы көркемдейді, композитор мен музыканттың жұмысын қоса атқара отырып, әрбір аспапқа жеке музыкалық партияларды жазуға қатысады, жаңа музыкалық шығарманың жанрлық және стилистикалық шешімін жүзеге асырады, дыбыстық жазбаларды монтаждау үдерісіне жетекшілік етеді, дайын өзіндік музыканы бекітуге қатысады, музыкалық фонограммаларды монтаждайды, дыбыстық жазбаға музыкалық материалдарды дайындайды және оның көркемдік сапасын қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

     біліктілігі жоғары деңгейлі маман:

      1) санаты жоқ: "музыкатану" мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және кәсіби қызмет бағыты бойынша 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      біліктілігі орта деңгейлі маман:

      1) санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, "аспаптық орындаушылық және эстрада музыкалық өнері" мамандығы бойынша кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім.

Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы», "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" заңдарын; композиция негіздерін, акустика және дыбыстық техника саласындағы жетістіктерді, концерттік ұйымдарда қолданылатын дыбыстық жазба және дыбыстық жаңғырту аппаратураларының жұмысын және құрылғыларын, театр және концерт залдарының акустикалық негіздерін.

Көркемдеушінің лауазымдық жалақысы білімінің денгейіне сәйкес 51854 теңгеден  58046 теңге  дейін.

Конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы «Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» № 1017 бұйрығына сәйкес өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы» zhofil.kz интернет – сайтында жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жай бойынша қабылданады: Тараз қаласы, Төле би көшесі № 89, 2 қабат, №208 каб., тел.: 8(7262)34-10-12.

Мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:

  1. конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақ (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
  4. білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
  5. еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнына қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмесі;

6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау

министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Конкурс өтетін күні: 2019 жыл 6 ақпан.

Конкурстың өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Төле би даңғылы №89 (2 қабат, 208 бөлме)

Осы лауазымға орналасқан тұлға үшін көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй және өзге де жеңілдіктер берілмейді.