Ақпараттық жарнамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі – 1 бірлік бос тұрған лауазымына конкурс жариялайды
Кәсіпорынның атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Орналасқан жері: пошталық индексі 080000. Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Төле би көшесі №89 үй. Тел. (87262) 34-10-12.
Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыты: Әдебиет және өнер туындыларын көпшілік алдында орындауға және көркемдік ұжымдар мен жекелеген орындаушыларды танымал етуге жағдайлар жасау, халықтың рухани және эстетикалық сұранысын қанағаттандыру, кәсіби көркемдік ұжымдар мен жекелеген орындаушылардың концерттерін ұйымдастыру, көркемдігі жоғары бағдарламалар мен нөмірлер жасаудың жағдайларын қамтамасыз ету, музыкалық-ағартушылық қызметті жүзеге асыру, халыққа музыкалық-эстетикалық тәрбие беру, ҚР заңнама талаптарына сәйкес ақылы қызметтер көрсету болып табылады.
Лауазымдық міндеттері: бөлім жұмысына басшылық жасауды жүзеге асырады, жарнама бөлімінде буклеттерді, баннерлерді жасаумен айналысады. Іc-шараларды өткізу үшін кәсіпорында жұмыстың озық тәжірибесін қолдануды басқарады және т.б. Концерт залында концерттер, конференциялар, дөңгелек үстелдер, өткізу үшін ауқымды ақпараттық жарнамалық жұмыстарды жүргізеді, қызметкерлердің өндірістік және еңбек тәртібін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтауын бақылайды.
Бөлім қызметкерлерінің басқа бөлім қызметкерлеріне өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық- әдістемелік көмекпен қамтамасыз ету. Отандық және шетелдік ғылым мен техниканың жетістіктерін жариялауды қамтамасыз ету, жарнама және ақпарат саласындағы озық тәжірибелерді енгізіп отырады. Кәсіпорынның бөлімшелерінде ақпараттық материалдардың пайдаланылуын бақылайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
"өнер" неме "қызмет көрсету" немесе "гуманитарлық ғылымдар" мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғары оқуорнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі немесе мемлекеттік органдар мен ұйымдарда басқарушы лауазымдарда 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі
Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы», "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" заңдарын; "Мемлекеттік мүлік туралы", "Мемлекеттік сатып алулар туралы" заңдарын, мәдени-демалыс жұмысының түрлері мен әдістерін, халықшығармашылығының даму перспективаларын, отандықжәнешетел әдістемелік орталықтарының және көркемөнерпаздар ұжымдарының жұмыс тәжірибелерін.
Көркемдік жетекшінің лауазымдық жалақысы білімінің денгейіне сәйкес 60346 теңгеден 101 700 теңге дейін.
Конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы «Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» № 1017 бұйрығына сәйкес өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы» zhofil.kz интернет – сайтында жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жай бойынша қабылданады: Тараз қаласы, Төле би көшесі № 89, 2 қабат, №208 каб., тел.: 8(7262)34-10-12.
Мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:
- конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақ (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
- білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
- еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнына қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмесі;
6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.
Конкурс өтетін күні: 2019 жыл 6 ақпан.
Конкурстың өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Төле би даңғылы №89 (2 қабат, 208 бөлме)
Осы лауазымға орналасқан тұлға үшін көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй және өзге де жеңілдіктер берілмейді.