Бақыт Шағырбаев өнер көрсетті
11 желтоқсанда Жамбыл облыстық Ш.Уалиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында өткен Қазақ медицинасының дамуына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті тұлға – ғалым, дәрігер-хирург, профессор, медицина ғылымдарының докторы, Қазақстан Журналистер одағы мен Нью-Йорк ғылым академиясының мүшесі, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Сағындық Ордабековтің 75 жасқа толуына арналған «Біздің сүйікті дәрігер» атты салтанатты құрмет кеште әнші, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Бақыт Шағырбаевтың өнер көрсетті.
Кеш барысында тұлғаның өмір жолы мен ғылымға, медицинаға қосқан зор еңбегі туралы деректер ұсынылып, қатысушылар әйгілі дәрігердің кәсіби және адамгершілік қырларын тереңірек тануға мүмкіндік алды.
Шараға зиялы қауым өкілдері және кітапхана оқырмандары қатысып, мерейтой иесіне жылы лебіздерін білдірді.



12 Желтоқсан 2025
16
26 Сәуір 2019