Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының "Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы" КМҚК

Мекенжай

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиын өтті

Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиын өтті

Бүгін Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеевтің қатысуымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Салтанатты кеш аясында «Сұлулықтың әуені – Абзал Ана!» атты мерекелік концерт көпшілік назарына ұсынылды.

Концерттік бағдарламада Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы әртістері өнер көрсетіп, «Ақкербез», «Шолпы», «Жас дәурен» би ансамбльдері сахна сәнін келтірді. Сондай-ақ филармония әншілері Әсел Уашева, Диас Әбілеков, Бахром Муминов, Мадина Бердиярова және эстрада жұлдыздары Асқар Жүнісбеков, МузАРТ көрермендерге әсем әндерін тарту етті.

Кештің ерекше бөлігінің бірі – А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық академиялық қазақ драма театры ұсынған «Сұлулықтың әуені – Абзал Ана!» атты композициялық қойылым болды.

Мерекелік концерттің финалында «Абзал ана» әні шырқалып, оған «Бақытты болашақ» оқушылар сарайының және Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясы оқушыларының хоры мен филармония әртістері бірлесіп қатысты.

Көктемнің көрікті мерекесіне арналған бұл кеш аналар мен аруларға деген құрметті айшықтап, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.