«Жыр әлемінің жарық жұлдызы» атты әдеби кеш өтті
«Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы» КММ Тараз қаласындағы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектеппен бірлесе отырып, ақын Серік Томановтың 70 жылдығына арналған «Жыр әлемінің жарық жұлдызы» атты әдеби кеш ұйымдастырды.
Шараға ақынның отбасы мүшелері, шығармашылық жолында бірге еңбек еткен әріптестері, сондай-ақ өңірдің зиялы қауым өкілдері қатысып, өз естеліктерімен бөлісті.
Сонымен қатар, ақын шығармаларынан құралған «Жырым менің жүйрігім» атты кітап көрмесі ұсынылды. Кеш соңында ақынның «Пәруана» кітабының нүктелі бедерлі Брайль қарпіндегі тұсаукесері өтіп, оның бір данасы №2 «Болашақ» мектеп-интернатының оқушыларына табысталды.
Игі шара аясында Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы өнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынып, кеш көркін аша түсті.








27 Сәуір 2026
24
26 Сәуір 2019