Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының "Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы" КМҚК

Мекенжай

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «Company E» және «Самұрық» Қазақстанның заманауи би театры өнер көрсетті

«Company E» және «Самұрық» Қазақстанның заманауи би театры өнер көрсетті

9 қарашада Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің қолдауымен «Баласағұн» орталық концерт залында Американың заманауи бидің ең үздік балет труппаларының бірі “Company E” және «Самұрық» Қазақстанның заманауи би театры өнер көрсетті. “Company E” заманауи балет труппасы «АҚШ-тағы заманауи бидің ең үздік труппасы» (Haretz басылымы, Израиль) және «батыл және талантты труппа» (Washington Post) деп танылды. 2011 жылы құрылғаннан бері “Company E” 30-дан астам елде болып, Вашингтонда Джон Ф. Кеннеди атындағы Орындаушылық өнер орталығының тұрақты серіктесі болып табылады.

«Самұрық» - Қазақстанның заманауи би саласындағы алғашқы кәсіби тобы. Би тобының репертуарына толықметражды қойылымдар және бір актілік балет кіреді.
10 қарашада би гастролі аясында “Company E” балет группасы «Баласағұн» ОКЗ-да Бродвей джазы және американдық заманауи би элементтері бойынша шеберлік сабақтарын өткізді. Шеберлік сабағына фиалрмониядан «Ақкербез» және «Айша бибі» ансамбльдерінің бишілерімен қатар «Томирис» (ТарМПУ), «Шолпы»» (Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі), Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының "Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықтың мұғалімдері мен өнерпаздары қатысып, замануи би қимылдарын үйреніп қайтты. Шеберлік сабағына қатысқан барша өнерпаздарға сертификаттар тапсырылды.